Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет150/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

 
Аннотация
В статье по технологии интерактивного модульного обучения категории
глагола является результатом эксперимента в обучении учащихся в 6-7 классах. 
 
Ключевые слова: 
интерактивная модульная технология, глагол обучение, эксперимент, 
развитие устной и письменной речи, уровень подготовки заданий, подготовки, обучение 
графических игр. 
Annotation: 
The article on the technology of interactive modular training verb category is the 
result of an experiment in teaching pupils in grades 6-7.
 
Key words: 
interactive modular technology, verb training, experiment, development of oral and 
written speech, level of job preparation, preparation, training of graphic games. 
Жаңа бағдарламаға сәйкес морфологияның ғылыми негіздері 6 және 7-сыныптарға 
бөлініп берілген. 6-сыныпта сөздің түрлері мен сөз құрамы жайында мағлұмат берілгеннен 
кейін сөз таптары оқытылғанда етістік, оның түрлері және категориялары туралы 
тақырыптар оқытылады. Мұнда етістікті мағыналық жағынан қарастырылса, ал 7-сыныпта 
оның түрлену жүйесі, сөйлемдегі синтаксистік қызметі туралы білім беріледі. 
Материалдың блокты-модульдік күйде берілу басымдылығы былайша көрсетіледі: 
«Оқушылар материалды оқығандарынан есте 10 % сақтайды, ал естісе 26 %, ал енді көріп 
тұрса 30 % есте сақтайды, көріп және сонымен қатар естіп тұрса 50 % есте сақтаса, 70 % 
басқалармен талқылағанда есте сақтайды, 80 % өз тәжірибелерінің негізінде, 90 % айтып 
және жұмыс істегенде, 95 % өз-өздерін оқытқанда есте сақтай алады » (Джонсон) [1]. Дәл 
осы әрекет түрлері модульдік оқыту технологиясында қамтыылады. Сондықтан материалды 
толық меңгеруде өзіндік ерекшелігі бар технологияны негізге алғанда ғана етістік 
категориясын оқытудың жаңаша көзқарастарын ашып бере аламыз.
Өз зерттеуімізді аталмыш технология негізінде эксперименттік-тәжірибелік жұмысты 
арнайы етістікті оқытуға арнап отырмыз. Себебі етістік сөз таптарының ішіндегі ең күрделі 
де ауқымды сөз табы. Оқушылар оны меңгеруде жиі қателесетіндігін мектеп тәжірибесінде 
дәлелденгенін 
тәжірибелі 
мамандар 
зерттеулерінен 
аңғардық. 
Эксперименттік 
жұмысымызды екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.
І кезең педагогикалық тәжірибе кезіндегі қазақ тілінен эксперименттік және бақылау 
тобын анықтауға, құжаттармен танысуға арналды. 
ІІ кезең қазақ тілінен сабақ бере отырып, етістікті оқыту барысында интерактивті 
модульдік оқыту технологиясы негізінде оқушылардың ауызша және жазбаша тілін 
дамытуға арналды. 
Зерттеу базасы Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Сарыкөл ауылындағы Сарыкөл орта 
мектебінде болды. Бақылау жұмысында тестік үлгідегі тапсырмалар жиі орындалды.
Эксперимент кезінде төмендегі мәселелер қарастырылды: 
1)
Құжаттармен танысу (күнтізбелік жоспар, оқушылар туралы мәліметтер), 
оқушылармен әңгімелесу, оқушыларды интерактивті модульдік оқыту технологиясы 
негізінде оқыту туралы мәліметті мектеп басшылығына хабарлау;
2)
Оқушыларға интерактивті модульдік оқыту технологиясын қолдану үстінде дәстүрлі 
сабақтан айырмашылығын түсіндіру; 
3)
Қазақ тілі сабағында 6-7-сынып оқушыларына интерактивті модульдік оқыту 
технологиясын қолдана отырып, олардың білім деңгейін, қазақ тіліне деген 
икемділігін, дағдысын қалыптастыру. 
Зерттеудің І кезеңінің нәтижесі оқу жоспарын және қазақ тілі бағдарламасын талдау кезінде, 
қазақ тілінің басқа да пән мұғалімдерімен сөйлесу кезінде және қазақ тілі сабағы үстінде 
оқушылардың білім деңгейін, дағдысын қалыптастыру кезінде алынды. 


160 
Педагогикалық тәжірибе жоспар бойынша қаңтар айының 30-нан бастап ақпан айының 23-не 
дейін 1 ай уақыт ішінде біз 6-7 сыныптардың интерактивті модульдік оқыту технологиясы 
негізінде эксперимент жүргіздік. Нәтижесінде қазақ тілі пәнінен 24 сағат сабақ берілді. 
6-сыныпта эксперименттік топта 17 оқушы, бақылау тобында 15 оқушы болды. 7-сыныпта 
эксперименттік топта 16 оқушы, бақылау тобында 16 оқушы бар. Әр сыныпта 17 оқушыдан 
артық оқытылмайды, сондықтан біздің жағдайымызда интерактивті модульдік оқыту 
технологиясын басқаруда оқушы саны шағын болғандығы өте тиімді болды. Себебі 17 
оқушы топтық, жеке-топтық, жұптық оқыта үйрету ойындарын жүргізуге қолайлы. 
Зерттеудің ІІ кезеңі қазақ тілі сабақтарында әртүрлі ауызша және жазбаша жаттығулар 
арқылы, оқушыларға арналған шығармашылық жұмыстар арқылы және интерактивті 
модульдік оқыту технологиясы негізіндегі оқыта үйрету ойындары арқылы оқушылардың 
тілін дамытуға арналды. Топтардың жалпы үлгерімінің (эксперименттік топтың да, бақылау 
тобының да) жақсы дәрежеде екендігін де ескердік. 
Технологияларды қолдануда қазақ тілі пәнін өткізуде бағдарламадағы жоспардан 
ауытқымай, оны жүйелі түрде құруға кепілдеме берілді. 
Жалпы, жоғарыдағы тарауларда етістіктің бастауыштан бастап оқытылатын күрделі сөз 
табы екендігін айтып өткен болатынбыз. Ал толық негіздемесі 6-7-сыныптарда беріледі. 
Етістіктің түрлеріне (салт, сабақты, есімше, көсемше, тұйық етістік) және етіс категориясына 
мәлімет беретін орта деңгей оқулығы 2011 жылы 6-сыныпқа арналған «Атамұра» 
баспасынан шыққандығын (2-басылымы, өңделген) көрсеттік. Етістікті оқыту ІІІ тоқсанда 
қамтылғаны және бұл тоқсанға 30 сағат бөлінгені белгілі болды. Соның ішінде бағдарлама 
бойынша етістікке 17 сағат саны бөлініп, оның 3 сағаты қайталауға арналған деп 
қарастырдық. Мұнда, яғни 6-сыныпта етістіктің жалпы сипаттамасы берілгенімен, біздің 
жағдайымызда оның 7-сыныпта күрделене түсетіндігіне ерекше назар аудару қажет және 
меңгерудегі көптеген қайшылықтарды көрсеткен болатынбыз.
7-сыныпта мектеп бағдарламасында етістікті оқытуға ІІ тоқсанға 12 сағат бөлінсе, қалған 
18 сағат ІІІ тоқсан еншісінде болып отыр. Барлығы 31 сағат болса, оның 5-еуі қайталауға 
беріліп отыр. Сағат санының күрделілігіне қарай көп бөлініп отырғандығын көріп отырмыз.
Әдістемелік жағынан алғанда, оқулықтағы етістіктің түрленуіне арналған тапсырмалар 
оқушылық деңгейдегі мүмкіндік тапсырмалар, күрделі тапсырмалар, пысықтауға арналған 
тапсырмалар, сынақ тапсырмалары және грамматикалық түсінік пен қосымша мәліметтер 
қамтылғандығын қарастырдық. Сөйтіп, эксперимент жүргізбес бұрын етістіктің оқулықта 
берілген ретін талдап алған болатынбыз. Оқытылуда оқушылар етістіктің есімше, көсемше 
түрлерін, етістіктің шақ, рай категорияларынан көптеген қателіктер жіберіп жүрді. Көптеген 
нәрсені жаттанды түрде оқып, теориялық тұрғыдан айыра алмай жүрді. Соның негізінде 6-7-
сыныпты арнайы зерттеу объектіміз ретінде алдық.
Эксперимент кезінде арнайы оқулыққа қосымша ретінде қолданылған 2008 жылы 
«Жалпы білім беретін мектептің 5-7 сынып оқушыларына арналған «Атамұра» баспасынан 
шыққан «Қазақ тілі» оқулығы бойынша тірек-сызбалар жинағы» қолданылды [2]. 
Авторлар құрамымен жасалған тірек-сызбалар материалдың жүйелі берілуіне құрылған, 
біздің жағдайымызда грамматиканы сапалы меңгеруге мүмкіндік береді және тез түсініп, 
ережені тез жаттауға үлкен көмегі тиді.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, тірек-сызба негізінде грамматиканы оқыту бақылау 
тобына қарағанда оқушылардың үлгерімінің жоғары нәтижесін көре алдық. Мұғалімдердің 
де қазақ тілінде грамматиканы тірек-сызба арқылы оқыту сабақ үрдісінде жеңілдік 
жасайтындығын, грамматиканы ұғынуда түрлі қиындықтарды жоятындығын, білімді жүйеге 
келтіретіндігін, оқушылардың қарым-қатынасына стимул болатындығын, жаңа тақырыпқа 
ерекше назар аудартуға, тұрақты дағды мен икемділік қалыптастыруға мүмкіндік 
беретіндігіне көзіміз жетті. 
Эксперимент кезінде оқушылар үш деңгейлілік тапсырмаларды таңдауда жеңілдетілген 
тапсырманы (ІІІ деңгей) аз уақыт ішінде орындап тастады, ал оқушылардың дені ІІ деңгей 
тапсырмаларын таңдады. 


161 
Ал енді шығармашылық тапсырмаларды орындауға қабілетті оқушылар (4-5 оқушы) І 
деңгей тапсырмаларын таңдап алды. Оқушылар деңгейі бұрынғы көрсеткіштеріне де сәйкес 
келді. 
Деңгейлік тапсырмалар негізі сөйлесу кезінде оқушылардың тілінің дамуы оқыту 
модулінде әр түрлі формада келуі мүмкін. 
Педагогикалық тәжірибе кезінде біз оқушыларға үш деңгейлілік тапсырмаларды 
орындатуда жеке-топтық жұмыс ойынының 1-нұсқасын ғана ұсындық. 
Практикалық тәжірибе көрсеткендей, оқушылар шығармашылық тапсырмаларды 
орындағанда олардың ойлау қабілеті, ауызша және жазбаша тілі, танымдық әрекетке деген 
қызығушылығы, белсенділіктері артады. Үш деңгейлілік тапсырманы орындау кезінде 
оқушылар бағалау парағына бірін-бірі өздері бағалайды, мұның өзі оқушылардың сабақты 
еркін, өз ойын жеткізуге, психикалық дағдарыс тудырмауға жетелейтінін байқадық. 
Технология бойынша бағалау тәртібі [3]. 
 
І деңгей 
ІІ деңгей 
ІІІ деңгей 
журналға 
Журналға 
Журналға 
«5» 

«5» 

«5» 

«4» 

«4» 

«4» 

«3» 

«3» 

«3» 

Біздің эксперимент барысындағы қорытынды бөлімде сынақтар көбінесе компьютермен 
тест жұмысы, диктант, шығармашылық диктант түрінде келді. 
Технология авторының өзі атап өткендей, оқушылардың тілін дамытып, өзара сөйлесуге 
негіз болатын белсенді қолданыс оқыта үйрету ойындарының түрлері. 
Ойын ойлауға жетелейді, адамға өзінің қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік береді 
(Р.С.Немов) [4, 358-359].
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ойын жағдайында оқушылар аз шаршап, керісінше, оқу 
әрекетінен жағымды эмоциялар алып шығады. 
Эксперимент кезінде ойын түрлері құр өтіп қойған жоқ, олардың құрал-жабдықтарының өзі 
де оқушылардың қызығушылығын арттырап, күнделікті сабақтан ерекше жаңалық 
күтетіндей дәрежеге жетеледі. 
Барлығы 1 ай ішінде қазақ тілі сабағында етістік категориясының белсенді түрде оқытылуы, 
біздің жағдайымызда, модульдік оқыту ұстанымына байланысты болды. Эксперимент 
кезінде аталмыш уақыт ішінде небәрі 24 сағатқа 4 модуль құрылды. Әр модульде 6 сағат 
сабақ берілді. 
Бірінші модуль бойынша 6-сынып бойынша эксперименттік топта 80 % көрсеткіш, ал 
бақылау тобында – 58 %, ал екінші модуль 6-сынып бойынша эксперименттік топта – 90 %, 
ал бақылау тобында – 65 % көрсеткіш, үшінші модуль 7-сынып бойынша эксперименттік 


162 
топта 85 %, ал бақылау тобында – 72 % көрсеткіш, төртінші модуль 7-сынып бойынша 
эксперименттік топта 90 %, ал бақылау тобында – 80 % көрсеткішті көрсетіп отыр.
 
Оқушылар арасында сауалнамалық сұрақтар жүргізген кезде олардың барлығы да осы 
жүйемен оқу ұнайтындығын атап өткен және сонымен қатар оқушылардың көбісі қазақ тілі 
пәнін әрі қарай осы жүйемен жалғастыруды қалайтынын сауалнама жауаптарынан көре 
аламыз. 
6-сынып оқушылары: 
Абдуллина Дильназ: «
Мен бүгінгі сабақта интереактивті тақта арқылы етіс және 
етістік туралы көп мәлімет алдым». 
Нұрболатова Салтанат: 
«Сабақ өте керемет, өте көңілді, өте қызықты болды. 
Сабақты нақты түсіндік.» 
Тәңірбергенова Алтынқас: 
«Бұл сабақ маған қатты ұнады. Бәрін жақсы үйрендім. 
Бізге сабақ өте жақсы өтті». 
Қазбеков Айсұлтан: 
«Маған қазақ тілі пәнінен қызықты жаттығуларды орындаған 
ұнайды».
7-сынып оқушылары: 
Жүнісова Іңкәр: 
«менің ойымша, сабақ өте қызықты және жаңа тақырыпты жақсы 
түсінуімізге сабақтың ойын түрінде өтуі көмектесті. Біз сабақ барысында өткен 
тақырыпты қайталап, жаңа сабақты үйрендік. Бізге модульдік оқыту технологиясы 
бойынша өткен сабақтар қатты ұнады». 
Қорғанбаева Дильназ: 
«менің ойымша, сабақ керемет өтті, модульдік оқыту 
технологиясы бойынша өткен сабақтар маған қатты ұнады. Келешекте де сабақ осылай 
жүргізілсе қарсы емеспін. Бізге өткізілген әр сабақтан көп меңгердім. Сабақтар қызықты 
өтті». 
Серікбаев Димаш: 
«Сабақ өте керемет өтті. Алдағы уақыттағы Таңшолпан апайдың 
сабақтары дәл осылай өтсе екен..». 
Бұл сауалнамалар арқылы оқушылардың көзқарасын білсек, өткен тақырыптар 
бойынша қорытынды тест жұмысынан бағаларының ауытқушылығын (үштік алатындар 
төрттік, төрттік алатындар бестік баға алғанын) байқауға болады. 
Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың 97 % осы оқу жүйесін қолдайтындығы 
аңғарылды. 
Қорытындылай келгенде, қазіргі таңда ойын - оқыту үрдісінің негізгі әдістерінің бірі. 
Эксперименттік зерттеуіміз көрсеткендей, ойын оқушылардың қазақ тілі сабағына деген 
белсенділігі мен қызығушылықтарын арттырып, олардың ауызша және жазбаша сөйлесу 
тілін дамытады, сонымен қатар сабақ үстінде еркін қозғалып, сабаққа қатысулары белсенді 
болып, мүмкіндіктері артады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет