4. Ұлттық дәстүрге байланысты атаулар: Ақ босаға мейрамханасы. Жастар жеке отау құрғанда немесе біреу жаңа үй алғанда жақын-
жуықтары келіп, жаңа үйдің босағасына май жағады. Бұл осы үй берекелі, майдай жұғымды
болсын деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да қазақ халқы жаңа түскен келінге босаға
аттаттырып, сәлем еткізіп, үлкендер бата берген. Бұл мейрамханада үйлену тойлары көп
өткізілетін болғандықтан атау ұлттық дәстүрімізден алынып, эргоним атауына негіз болған.
Саз сырнай мейрамханасы. Үрлемелі аспап.
Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, шаңырақ уықтардың
ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Киіз үйдің үстіндегі дөңгелек шеңбер осылай аталатыны
белгілі. Қаламызда «Шаңырақ мектебі» оқушыларға білім берсе, «Шаңырақ» кафесі шағын
жиындар өткізуде қызмет етеді.