ABSTRACT:
The article is about ergonims´ linguistic particular around city and town.
Everydaywe use different words like place, team, shop,street, etc. these are ergonims. It explained
to human names, their lexical particular and linguistic means in onomastic place.
Key Words:
Ergonims, onomastics, termin, proper words, vocabulary.
Тіліміздің лексикасы халық тұрмысындағы ұғым-түсініктерді сөз арқылы бойына
жинақтап, уақыт өтіп, қоғам дами түскен сайын жаңа сөздермен толығып, өсіп, ұлғайып
отырады. Сондықтан тіршіліктің барлық саласын қамтитын сан мыңдаған сөздерді рет-
ретімен жүйелеп, әр түрлі топтарға бөліп, оларға ғылыми түсініктер бере алуымыз керек.
Міне, сонда ғана әрбір топтағы сөздердің сыр-сипатын ашып, қолданылу ерекшеліктерін
айқындай түсеміз. Күнделікті тұрмыста қолданылатын түрлі қоғамдық орындар, мекеме,
ұйым, өндіріс, оқу орындары, дүкен, мейрамхана, дәріхана, көше, даңғыл, жеке ғимарат, т.б
жалқы есімдер атауларының жиынтығы тіл білімінде эргонимдер деп аталады. Эргонимия
(эргоним гр. тілінен ergo «іс, қызмет, еңбек» + onyma, onoma «есім, ат, атау») – онимнің бір
түрі, адамдардың біріккен ісінің, соның ішінде кеңестің, ұйымның, мекеменің, қоғамның,
үйірменің жалқы есімі. Ол адамды қоршаған ортадағы ономастикалық кеңістікті
танытатынатаулардың лексикалық ерекшеліктерін, тілдік ұғым түсініктерін қарастырып, сөз
арқылы түсіндіреді. Эргонимдер жалқы есімдер атауларын білдіріп қана қоймай, олардың
қызметі, мекенжайы, өзіндік ерекшеліктері, т.б туралы ақпарат беру, танымдық қызметін де
атқарады. Олар түрлі кеңістікте адамға жүріп-тұруға бағыт беретін бір ерекше белгі болып
табылады.
Эргонимдер ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана тіл білімінің зерттеу саласы болып
қалыптасты. Бірқатар орыс ғалымдары бұл саланы келесідей түрлерге бөліп көрсетеді:
Эргонимдер
Коммерциялық
Бейкоммерциялық
Мекемелердің
атауы
Қоғамдық бірлестік,
үйірме атаулары
Мекемелердің
атауы
Қоғамдық бірлестік,
үйірме атаулары
Мейрамхана, кафе,
дүкен, кинотеатр,
т.б.
Музыкалық топтар
ЖОО, емхана,
аурухана, т.б.
Партия, т.б.
Кестеден эргонимдердің туыстас терминдерден айырмашылығын көреміз:
1.
Эргонимдер коммерциялық және бейкоммерциялық атауларға негіз болады;
2.
Эргоним – заңды түрде бекітілмеген іскерлік бірлестіктердегі адамдардың жалқы
есімі болып табылады;
156
3.
Эргонимдер белгілі бір мекемелермен қатар (театр, қонақ үй, дүкен, кафе), әртүрлі
үйірме, партия, қоғамдық бірлестіктердің атауы бола алады[1.30].
Ақтөбе қаласынан келесідей эргоним түрлерін кездестіре аламыз
Достарыңызбен бөлісу: |