Ключевые слова:
триединство языков, полиязычное образования, проблема трехязычного
образования в дошкольных организациях.
Annotation:
The article deals with the significance and relevance of multilingual education,
problems of the introduction of trilingualism in the education system, including in the preschool.
Key words:
trinity of languages, multilingual education,tThe problem of bilingual education in pre-
school organizations
«Үш тұғырлы тіл» саясаты бұл еліміздің дамыған елу мемлекеттің қатарына қосылу
мақсатында елімізде жүзеге асырылып жатқан саясат. Бұл саясатқа байланысты халық
арасында бұл саясатты қолдаушылар да, оған қарсы пікір білдіретін адамдар да бар. Бұл
саясат балабақшадан бастап жоғары оқу орындарында жүргізілетін болғандықтан көптеген
зиялы қауым өкілдері, ата-аналар «Үш тұғырлы тіл» саясаты туралы балаларды
кішкентайынан басқа тілде сабақ оқып, білім алуын құптамайды. Бұл саясат ұлтты құртуға
бағытталған дейтіндер де бар. Бірақ менің ойымша, көп тілді үйренудің еш артықшылығы
жоқ. Әл-Фараби бабамыз 76 тілді жетік меңгерсе де, өз тілін, дінін еш уақытта ұмытпаған,
құрметпен қараған. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Тілдің ең бірінші тірегі бұл -
отбасы, екінші –балабақша,үшінші - мектеп, төртінші –жоғары оқу орны болып саналады.
Мен бұл саясатты қолдаймын, себебі қазір еліміз дамып келе жатыр, көптеген оқу орындары,
жұмыс орындарында осы саясатты қолданады деуге болады. Баланың балабақшадан бастап
үш тілді үйренуі , болашақта кемеңгер білімді, дарынды азамат болуына мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде үш тілді білмесең жұмыс істеуің де қиын болады, тіпті тіл білмейтін адамдарды
жұмысқа қабылдамайды деуге болады. Сондықтан да болашақта қазіргі өсіп келе жатқан
ұрпағымыздың болашағына балта шаппай, ұрпағымыздың дала кезіп жүрмей, керісінше
білікті азамат болуына мүмкіндік беріп, білім алуына шектеу қоймау керек деп ойлаймын.
149
«Тіл – халықтың тарихы, шежіресі, халықтың бар өмірінің көрінісі». Тіл –адам
қатынасының аса маңызды құралы. Қазіргі кезде елімізде тіл мәселесіне көп көңіл бөлінеді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығыме тіл саясаты жүзеге асырылуда. Сонымен
қатар Елбасы жыл сайынғы халқына арнаған жолдауларында тіл саясатына, оның ішінде
мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге тоқталмай өткен емес. Әсіресе, өсіп келе жатқа
ұрпақ, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.[1]
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2006 жалдың қазан айында өткен
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны
жариялаған болатын. 2007 жылғы жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени
жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды ұсынды. Сонымен қатар ел басымыз «Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш
тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде танылуға тиіс. Олар: қазақ тілі -
мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық
экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс
тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз. Үш тұғырлы тіл —заман талабына сай
туындаған өмір қажеттілігі. Бірнеше тілді меңгерген әрбір қазақстандық өз елінде де, өзге
елде де бәсекеге қабілетті тұлға болып саналады . «Үш тұғырлы тіл саясаты» тек кеше ғана
айтылған мәселе емес, президентіміз бұл мәселені 2004 жылдан бастап қолға алған болатын.
Бұл саясат еліміздегі келешек өсіп келе жатқан ұрпақ үшін өте маңызды болып табылады.[1]
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарында, мектептерде,
мектепке дейінгі ұйымдарда үш тілді яғни, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын ілінде
сабақтар жүргізу қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысы «Қазақ тілі үш тілдің біреуі
болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі
—Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және оған қамқорлықта сондай бол береді»
деп сендірді. Тіл – ұлттың тірегі. Ол – жан дүниеңді ашып көрсететін айнаң. Қазақ тілі —
әлеуметтік, рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі. Балалардың сөйлеу
мүмкіншіліктері даму барысында қазақ тілінің оқыту мен тәлім тәрбие берудегі рөлі күн
сайын арта түсуде. Үш тілді сөздерді, сөйлемдерді, диалог, монолог үлгілерін механикалық
қайталай беру жолын емес, жалпы белсенді түрде сөйлеу арқылы үйрету керек.
«Үш тұғырлы тіл» саясаты –елдігіміз бен бірлігіміздің тірегі. «Тіл - ақылдың өлшемі,
ұлттың жаны» - деген ұлы данышпан жандардың сөзіне сүйенер болсақ, елдің елдігін де,
бірлігін де айқындайтын тіл екендігі белгілі. Тілдердің үш тұғырлы болуы, бұл тек үш тілді
меңгеріп үйрену ғана емес, еліміздің басқа дамыған мемлекеттермен тең болуы үшін де
маңызы зор.
Қазіргі кезде ағылшын тілін оқып үйренемін деушілердің саны күннен-күнге көбеюде.
Осы орайда, шет тілінің еліміздің оқу жүйесінде айрықша мәртебеге ие болатыны
айқындалғандай. Жалпы білім беретін орта мектепте шетел тілін практикалық тұрғыда
меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік
дағдыларын жаңа жағдайларға кездескенде, шығармашылықпен қолдана білуге үйрету
көзделеді. Шетел тілін оқыту мақсаттары қоғамның мұқтаждығына қарай өзгеріп отырады.
Бұрын шетел тілінен білім беруге көп көңіл бөлінбесе, қазіргі кезде алған білімін өмірде іс
жүзінде қолдана алу, пайдалануға қажетті білік пен дағдыларсыз білім алып, білу ғана
жеткіліксіз екендігіне баса назар аударылуда. Қазіргі кезде шетел тілін үйренудің талабы
жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге арналған арнайы мектептер,
гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда. Сонымен қатар осы ағылшын тілін балаларға
үйретуде мұғалімдердің рөлі де оларға қойылатын талаптар да жоғары. Балаларға ағылшын
тілін үйрету олардың өз ойларын ауызша да, жазбаша да анық жеткізуге мүмкіндік береді[2].
Орыс тілін білу - біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Бұл
жайлы қазақтың біртуар ақыны ұлы абай атамыз да айтып кеткен болатын. Ол «Орысша оқу
керек, хикметте, мал да, өнер де, ғылым да —бәрі орыста зор», «сен оның тілін білсең,
көкірек-көзің ашылады» дейді. Дәл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр
150
бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен
араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз. Бүгінгі күні елімізде
136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмып кешіп жатыр.
Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі - біздің
еліміздің ең басты байлығы.Қазақстанда мемлекеттік тілдің рөлі, орыс тілінің ресми
мәртебесі және барлық этностар мен олардың мәдениеттерінің тең жағдайда дамуы туралы
мәселе шешілген. Болашақта бүкіл азаматтардың мемлекеттік тілді білуі бізді бұрынғыдан
бетер теңдестіріп, бірлігін нығайта түседі. Мемлекетіміз мемлекеттік тілді біртіндеп
дамытуда және бүкіл этностар тілдерінің дамуы үшін жағдайлар жасауда. Орыс тілі –
ұлтаралық қарым-қатынас пен интеграциялық қызметтердің діңгегі[3].
Адам бала кезінен бастап қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың
болашақ тұлға, өз – елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Ұстаздардың алдында тұрған
басты мақсаттардың бірі - Отанға, туған елге, туған жерге , өз халқына, деген сүйіспеншілікті
тәрбиелеу. Тіл - адамның ойын жарыққа шығаратын құрал. Ол –атадан балаға мирас болып
отыратын баға жетпес мұра.
Қазақстан Республикасында тұратын әрбір ұлт өкілдерінің тілдік қызмет саласына
ешбір кедергі қойылмайды. Сондықтан да кез келген халықтың ана тілі рухани мәденииетінің
өзіне тән ұлттық ерекшелігінің көрсеткіші болып табылады[4].
Жалпы тілді үйрету бұл мектепке дейінгі ұйымнан бастау алатын процесс деуге
болады. Себебі баланың миы кез келген нәрсені тез қабылдап алады. Тілді үйренуде
ойындардың пайдасы өте зор болып келеді және ойын арқылы балаға тілді үйрету баланың
қызығушылығын да арттыра түседі, себебі ойынға қызықпайтын, ойын ойнамайтын бала
жоқ. Ойын балалардың тілді үйренуге деген сенімін де оятады. Негізінен барлық мектепке
дейінгі ұйымдарда балаларға ертегілер оқылып сол ертегілерді көрініс ретінде де қойылады,
яғни балаларға бірдей рөл беріледі де, балалар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп сөйлеседі.
Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін
және бір-бірін бағалайды, ал тәрбиеші тек бағыттаушы болады.
Әрбір елдің, әрбір ұлттың тілі сол елдің азаматы үшін қымбат қазына, байлық. Әрі
қадірлі де құдіретті. Тіл адамға ана сүтімен беріліп қалыптасады. «Өзге тілдің бәрін біл, өз
тіліңді құрметте» деп Қадір Мырзаәлі ақын ағамыздың сөзінің өзінде терең мағына бар.
Басқа тілді қанша жерден көп білсеңде, өз еліңнің тілін ешқашан жат тілге алмастырмай,
құрметтеп, қастерлеу керек деп ойлаймын[4].
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы аясында көптеген жұмыстар атқарылуда. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруда
мектепке дейінгі ұйымдардан бастап барлық мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік емес
мекемелерге дейінгі барлық салалар түгел қамтылған. Сонымен қатар қазіргі кезде елімізде
балаларды мемлекеттік тілде оқытып тәрбиелейтін мектепке дейінгі ұйымдар саны артып
келеді. Және де осындай балабақшалардағы басқа ұлт өкілдеріне арналған көптеген
конкурстар, ойындар қазақ тілінде жүргізіледі.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға қай тілді болсын жақсылап үйретсе, тез үйреніп,
меңгеріп кетеді. Олар тілді табиғи түрде тез меңгереді. Қазіргі таңда балаларға білім алуға
барлық барлық жағдай жасалынған . Олар жақсы білім алып көп тілді меңгерсе, болашақта
Қазақстанның қарқынды дамуына өз үлестерін қосатын азамат бола алады[3].
Тіл арқылы өзге елдің мәдениетін, әдет - ғұрпын, тарихын білуге болады. «Білекке
сенер заманда - ешкімге есе бермедік.
Білімге сенер заманда - қапы қалып жүрмейік» - деп Абылай хан айтып кеткендей,
ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де нұрлы, жарқын болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын
алға жетелейтін құдіретті күш тек білім. Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің,
саясаттың, жалпы осындай дамыған елде үш тілді міндетті түрде білу қажет. Әсіресе, бұл
қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпаққа қойылатын міндет . Осындай міндеттерді өскелең
ұрпағымыз орындап, қолға алатын болса, біз міндетті түрде болашақта дамыған елу
мемлекетің қатарына қосылатын, керемет мемлекеттердің бірі боламыз деп үміттенемін.
151
Әрбір Қазақстан азаматтарының парызы - «Өзге тілдің бәрін жетік меңгеріп, өзінің
мемлекеттік тілін құрметтеуі» басты парызы деп есептеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |