1.Антропоним атаулары. Антропонимика (гр. anthropos - адам, оnymа ат)— адамдардың
өзіне меншікті есімдерін, аты-жөнін, жалған, бүркеншік, жасырын аттарын, ру аттарын —
антропонимді зерттейтін ономастиканын тармағы.
а) тарихи тұлғалардың есімін көрсететін атаулар Ежелден бастар болсақ
Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Халық
жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ
Қобыланды» деп атайды.
Қобыланды батыр атында орталық стадион жұмыс жасайды. Бұл
жерде ауқымды футбол ойындары өтіп отырады.
Әбілқайыр – хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Ол – кейін өзінің
күшімен, айласымен, шабуылды ұйымдастыра білушілігімен даңқы шығып, хандыққа қол
жеткізген, батырлығы мен өркөкіректігі, ақылдылығы мен билікқұмарлығы, саяхатшылығы
мен бірбеткейлігі астасқан қайшылығы мол күрделі тарихи тұлға. Қала ішіндегі үлкен
даңғылдардың бірі
Әбілқайыр хан атындағы даңғылда батырдың ескерткіші орналасқан.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келген –
Кеңес Одағының Батыры, мерген, ефрейтор.
Ә.Молдағұлова атындағы даңғылда батыр
апамызға арналған мұражай орналасқан. Есігі күнделікті келген қонаққа әрдайым ашық.
Сонымен қатар болашақ мұғалімдерді даярлауда
Әлия Молдағұлова атындағы гуманитарлық
колледж үздіксіз еңбек сіңіріп келеді.
Қаламызда
Тахауи Ахтанов атындағы драма театры жұмыс жасайды. Театрда қазақ және
орыс труппалары өнер көрсетеді. Одан соң
Тахауи Ахтанов атындағы кітап дүкені
«Атамұра» баспасының кітаптарын өткізеді; және де қала орталығында
Т. Ахтанов есімі
берілген ірі көшелеріміздің бірінде жазушының ескерткіші орналасқан.
Тахауи Ахтанов Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында дүниеге келген. Жазушы, проза
мен драматургия саласында өнімді де жемісті еңбек еткен қаламгер.
Өлкеміздегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік мемлекеттік университеті. Университет 1966 жылдан бері білім беріп, талантты да
дарынды шәкірттерді тәрбиелеп келеді.
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов Ақтөбе облысы Темір
ауданында дүниеге келген тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры , түркітанушы,
педагог.
Сақтаған Бәйішұлы Бәйішев Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ақжар ауылында дүниеге
келген – қоғам қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан
ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
Өңірімізде
Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті үлкен оқу
орындарының бірі болып саналады. Сонымен қатар, ғалым атында қаламыздағы ең ірі
облыстық кітапхана жұмыс жасайды.
Студенттерді тәрбиелеуде үздіксіз білім беріп келе жатқан оқу орнының бірі
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті.
Марат Тұрдыбекұлы Оспанов Ақтөбе қаласында дүниеге келген қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының
докторы, мәжіліс спикері. Сонымен бірге,
М. Оспанов атындағы аурухана халыққа қызмет
етеді. Бұрынғы Тюленина көшесі қазіргі кезде
Марат Оспанов атындағы көше болып
табылады.
Ахмет Қуанұлы Жұбанов — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор,
дирижер. Қазақстанның халық әртісі, өнертану ғылымының докторы, профессор,
академик.Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында дүниеге келген. Аймағымыздағы жалғыз
кісіби-шығармашылық білім беретін оқу орны –
Ахмет Жұбанов атындағы музыка колледжі
болып табылады.
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан
Республикасының тұңғыш президенті. Қаламызда Қазақстанның тұңғыш президенті
Н.
157
Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы бар. Және интелектуалды
мектеп құрылғалы бері ең жоғары көрсеткіштерді көрсетіп келеді.