190
болашағы» деген болатын. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық
қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық
іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын
елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай
елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген
ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол
қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.
«Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болса да өз ортамыздан әлі күнге дейін тұрпайы
сөйлейтін жастарды кездестіріп қаламыз. Тіліміздің лексикалық, фонетикалық,
грамматикалық нормалары мен заңдылықтарын ескермейді, қазақ тілінен алған теориялық
білімдерін пайдалана алмайды, сөйлегенде тыңдаушы өзінің ойын ұғып , сезіп тұр ма, жоқ
па, онымен санаспайды. Басқа тілдің сөзін араластырып, өз тілінің құтын қашырып сөйлеу
мәдениетсіздік екенін аңғармайды.Белгілі жазушы Т.Ахтанов өз шығармаларында
кейбіреулердің әңгімелесу кезінде бөгде сөздерді нормадан тыс араластырып сөйлейтін
ерсіліктерін өткір сынаған.
Мысалы: «Сәуле» атты драмалық повестегі кейіпкерлерінің әңгімесінде мынадай сөздер
кездеседі.
Алдаберген: Жазушы деген жақсы ойлаушы еді...Қап, сен қауғадан жүргенде, Бөпежан «без
двух отыр еді. Сен бардың да...
Бөпежан: Ылғи жұпыны киінуші еді. Теперь настоящий шик... Мама ос жарасады ...»[3. - 25-
26].
Тіл қоғамда басты рөл атқарады. Тілсіз –қоғам, қоғамсыз- тіл болмайды.
«Тіл жоқ жерде адамдар бірлесіп жұмыс істей алмайды, қоғамдық өндірістің қай саласын
болса да ұйымдастырып, дамытуы мүмкін болмайды. Қоғамның қандай түрі болмасын , ол
тілсіз өмір сүре алмайды. Ал тілдің өзі тек қоғам бар жерде ғана пайда болып, дамып
жетіледі. Яғни тілді адамдар ұжымы –қоғамдүниеге келтірсе, тіл сол адамдардың бір-бірімен
қатынас жасау қызметін атқарады... Сөйтіп, тіл- адамзат ісінің барлық саласында және
күнделікті тұрмысында бірлесіп жұмыс істеуіне, бірін-бірі түсінуісіне мүмкіндік беретін
құрал. Бұл- тілдің әлеуметтік,қоғамдық қызметі. Тілдің қоғамдық қызметімен бірге оның
ойды жарыққа шығару қызметі де бар. Әрбір адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы айтып
жеткізеді, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Сонымен, қатынас құралы ретінде тілшге
анықтама беруде оның әлеуметтік, яғни адам қоғамына қызмет етуі мен ойды жүзеге асыру
қызметі негізге алынады[1.-5-6].
Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстандағы мемлекеттік тілді дамыту және қолдау нәтижелері
қандай деңгейде екенін айқындайтын басты көрсеткіш – бұл шынайы қоғамдық орта,
қоғамдық ортаның мүддесі мен рухани саналы көзқарасы. Қоғамдық ортадағы мемлекеттік
тілдің қолданылуы тілдік ортаның нығаюымен күшейеді. Ал қазақ тіліндегі қоғамдық ортаны
қалыптастыруға ықпал жасайтын факторлар – білім беру, мәдениет БАҚ жүйесі мен
мемлекеттік тілде ісқағаздарының жүргізілуін қадағалайтын әрбір мекемедегі тіл дамыту
бөлімдері мен департаменттері, т.б. институттар мен қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ
мемлекеттік биліктің тікелей өзі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: