188
жалпыұлттық басылым дәрежесіне көтерді» , - деп түсіндіреді «Алаш һәм алашорда»
мақаласында К. Нұрпейісов. Жұртшылыққа танымал қазақ ғалымының бұл пікірінің
дұрыстығын соңғы жылдары «Қазақ» газеті материалдарының әр түрлі жолдармен,
қазіргі
оқырмандарға түсінікті етіліп, қайта басылып шығарылы бастауы да дәлеледейді. «Қазақ»
газетінің 1913 жылдың басында жарық көргенін еске алсақ, Ахаңа газет шығару
дайындығына үш жылдай уақыт бөлу тура келгендігін есептеп шығару қиын емес. Өйткені
Орынбор губерниясының губернаторы Н.А Сухомлинов А.Байтұрсыновтың бұл қызыметке
1913 жылдың 5 қаңтарында бекігенін айтады. 1912 жылдың аяғында түрмеден шығысымен
Орынборға жеткен М. Дулатұлы газеттің алғашқы санын даярлауға кіріседі. Кейінірек
«Қазақта» жарияланғаннан «Қай жерде қалай?» атты мақаласында осы тұстағы өз қызметінің
бір көрінісі туралы «Өткен январь жұлдызының ақырында «Қазақ» шықпай тұрып,
«шығады» деген хабарды естіген соң, Повлодар ауданында жақын «Қазаққа» алушы
қарастырдым. 4-5 күннен соң хабарды есіткен Повладар қазақтары өздері келіп жаздыра
бастап, аз күннің ішінде 150-дей алушы болды» [1. 15]- деп жазды.
Тұңғыш салиқалы газет
шығарудағы Ахмет Байтұрсыновтың ерекше еңбегін осынау қиын-қыстау кезеңде үзеңгілес
болған әріптестері зор бағалайды. «Публицист ретінде А.Б ешқандай қаражат қоры болмаса
да, 1913 жылдың басында Орынборда шын мәніндегі тұңғыш қазақ газеті «Қазақтың негізін
қалап, оның бетінде қазақ халқының мұң-мұқтажын батыл сөз етіп отырды» , [1. 15]- деп
шын көңілден М. Дулатұлы мақтаныш етіп жазды.
1913 жылдың 2 ақпанынан 1918 жылдың 18 қыркүйегіне дейін шығып тұрған «Қазақ»
жаңа дәуірдің шежіресі десе болғандай. Оянған сана үніне айналған газет өз тұсында ең көп
таралған басылым болды. Мұның басты себебі – қазақ тарихының қилы-қилы кезеңдерінде
замана ағымын, саясат аңғарын айнытпай тануында. Танып қана қоймай, ұлтына азатттық
жолдың сілемін тауып, сүрлеуін нұсқады. Ахаң өмірбаянында «1913 жылы «Қазақ» газетінің
ашылуын ұйымдастырып, оның редакторы ретінде қызмет атқардым. Аталмыш газетті
редакциялап жүргенде бірнеше мәрте әкімшілік жолмен айып тартып, тұтқындалдым. 1917
жылдың соңына дейін редактор болып істедім», [1. 16]- деп жазады. А.Байтұрсынов «Қазақ»
атты тұңғыш бейресми ұлттық газеттің патша әкімшілдігінің көңілінен шыға бермегендігін,
қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған сара жолы,
өзіндік көзқарасы бар, саяси бедері
айқындалған беделді басылым екендігін тарих растайды. «Қазақ» газеті өзінің алғашқы
адымын, саналы да мақсатты күрес жолын, өзі дүниеге келген уақыты мен қоршаған
қоғамдық ортаның ерекшелігін және ұлтының жағдайын анықтаудан бастады. Газеттің
бірінші нөмірінің бірінші жолдары «Заманына қарай амалы» деген сөз бар. Мұның
мағынасы – заманның түріне қарап іс істеу» [3. 211]- деген сөздермен бастап, өздерінің
қалыптасқан обьективті жағдайға қарай әрекет етуге мәжбүр
екендігін ескертсе, одан әрі:
«Төңірекке қарасақ түнерген – түнерген бұлттар көрінеді. Түбі қандай белгісіз. Не боларын
білмейміз. Нұр болып жауып, жерімізді көгертіп, несібемізді молайтар ма, болмаса дауыл
болып соғып, үйімізді жығып, үй-ішімізді шашып тастар ма?! Көзіміз бұған жетпейді. Жалаң
аяқ, жалаң бас, жеңдеріміз киюсіз, етектеріміз жиюсыз ашылып-шашылып қамсыз жатқан
халықпыз», [2. 210]- деп, қазақ қоғамындағы
ғасыр басында қалыптасқан, сол обьективті
жағдайды жұмбақтап, қазаққа тән теңеулермен сипаттайды. Әрине, бұл жерде басқарманың
атынан жазылған Бас мақаланың авторы Ахмет Байтұрсыновтың меңзеп отырғаны қазақ
жеріне қарай қаптап келе жатқан қара шекпендер екендігі, солардың тарапынан бейқам
жатқан жұртына төнген қатер екендігін түсіну қиын емес. Ол туралы газеттің келесі
нөмірінде «Іргеміз тұтас ыдырамай, біріңғай жатқан халық едік,
енді арамызға бөтендер
келіп кірісейін деп тұр... Арамызға түрлі жұрт кіріскенде солармен қатар атымыз жоғалмай,
қазақ ұлты болып тұра аламыз ба? Осы бізді төсекте төңбекшітіп ұйқымызды бөлетін
нәрсе...» [2. 191] - деп өз ойын ашық білдірген. Осылай, өзінің алғашқы нөмірінің алғашқы
жолдарын: «Аталы жұртымыздың, адуынды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетіміздің
есімін «Қазақ» деп қойдық. Ұлт үшіндеген істің ұлғайуына күшін қосып, көмектесіп, қызмет
ету қазақ баласына міндет. Халыққа қызымет етемін десеңдер, азаматтар, тура жолдың бірі
осы», [2. 209] - деген сөздермен «Қазақ» өзінің саналы өмірін, газетің соңғы үш нөмірінде
189
бірдей басылған, бірінші беттегі газет атының астында, беттің бір шетінен екінші шетіне
дейін созылған «ЖАСАСЫН АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ! КӨРКЕЙСІН АЛАШ!» [2. 209]-
деген ұран айдармен аяқтады.
Қорыта
келгенде, мақсаты айқын, идеясы мықты газет болып қалыптасты. «Қазақ»
газеті өз заманының ащы шындығын шімірікпестен баяндап жазған бірден бір газет. Қазіргі
таңда да ұлттық сипатқа ие газетті зерттеушілер көптеп кездеседі. Өзіндік ерекшелігі
қалыптасқан «Қазақ» газетінің тарихы – еркіндік шежіресі, ұлт идеясы.
Достарыңызбен бөлісу: