232
СЕКЦИЯ 5
ӨНЕР
ИСКУССТВО
ДОМБЫРА АРҚЫЛЫ ҰРПАҚТАР САНАСЫН
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ТӘРБИЕЛЕУ.
Айбулова Б. С.
Ақтөбе гуманитарлық колледжі
Аннотация:
Домбырадан қалыптасқан тәрбие үлгісі адамның ой ұшқырлығын шыңдауға,
ата – бабадан кәсіп болған дәстүрді дамытуға, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік
тудыратыны анық. Домбырадан таралған тәрбие –
білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас
қазынасына, дәстүр
табиғатына, қазақ діліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіс. Ендеше
мектепте музыка пәнін домбыра арқылы үйрету
негізінде білім беру көзделсе, бүгінгі
келеңсіз, қатыгез жағдайлар мен шешімін таба алмай жатқан жамандық атаулыдан
айырылып, өзінің төл мәдениетіне қарай бұрылып, тарихы мен тілін сүйіп, өзгені сыйлауға
бой ұрған болар еді. Сондықтан домбыраны сауаттылықпен
ойнап көзін ашқан бала әлде
қайда еңбекқорлыққа,
адамгершілікке, ұжымдылыққа,
кішіпейілділікке, эстетикалық
талғамы жоғары болып өседі. «Ұяда нені көрсең ұшқанда соны ілерсің» - деген қанатты сөз
осының айғағы іспеттес. Теңіздің түбінде жатқан інжү-маржандай
бай өнерімізді келешек
ұрпақтың бойларына сіңіріп,
тәрбиелеу, олардың дүниетанымын қалыптастыру - әр қазақ
отбасының және кез келген музыка маманының міндеті екендігін ұмытпағанымыз жөн.
Достарыңызбен бөлісу: