Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет252/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

5 курс «Дизайн» 
Анотация:
В сатье раскрыты аспекты пространственной организации среды отдыха древних 
городов, выявлены сходства и отличия, остальные факторы влияющие на проектирование и 
элементы архитектурно- пространственной ландшафтной композиции.
Ключевык слова:
зона отдыха, урбанизация, ландшафт, пространственная ландшафтная 
композиция.
Abstract :
The aspects of spatial organization of recreation environment of ancient cities are 
revealed in the satier, similarities and differences are revealed, other factors affecting design and 
elements of architectural and spatial landscape composition. 
Key words:
recreation area, urbanization, landscape, spatial landscape composition. 
Совет Одағанда, кейінен Қазақстанда қала құрылысы саласындағы зерттеулер 
негізінен өнертану өзгешелігі ретінде қарастырылды. Кейінгі ТМД елдері территориясында 
урбанистика (қалаға көшу) мектебі неміс және британ мектебінің ықпалымен ХХ ғасырдың 
басында әзер қалыптаса бастады. Жұмыстарда қала құрылысы өнерінің тақырыбы адам 
мекендейтін қала ортасының дамуында ықпал ететін экономикалық, демографиялық
әлеуметтік, экологиялық және т.б. факторлар ескерілмей қарастырылды.
Сәулет өнері мен қала құрылысы теориясының тарихы ауқымды ғылым саласы болып 
табылады да өзіне территориялық – жоспарлық, әлеуметтік – экономикалық, техникалық
ғылыми – жаратылыстану және эстетикалық бөлімдерді қосып алады.
Тарихи тұжырымдар және сәулеттік ортасының қалыптасу негіздері мен қала 
кеңістігін ұйымдастыру М.Т. Бархиннің, А.В. Иконниковтің, А.И.Урбахтың зерттеулерінде 
ашылған. Жобалауда қала кеңістігін жобалаудың шешуші тұжырымын анықтайтын қала 
құрылысы тарихынан, бүтіндей өркениет тарихынан білім – басты маңыздылыққа ие.
Қазіргіні түсіну мен болашақты болжау тек барын сақтау жіне жаңа қаланы жарыққа 
әкелуді білу жинақталған уақыттағы қала құрылысы дамуының басты кезеңін оқып үйрену 
арқылы ғана мүмкін.
К.Линг, Дж.О.Саймонде, Х.Э.Штейнбах, Н.Н.Середюктің еңбектері қазіргі қаланың 
эстетикалық дамуының эволюциясына, қала кеңістігін қабылдаудың ерекшеліктері мен оны 
психологиялық бағалауға арналған. Қала ортасын экологиялық оптималдандыру
ландшафтылық жобалау негіздері мен көгалдандыру жүйесін қалыптастыру сауалдарын 
А.Э.Гутнов, Л.Б. Лунц, В.А. Горохов зерттеген.
Урбанизация деңгейінің өсуі қала ортасын сәулеттік ұйымдастыру мен урбанизация 
мәселелерін зерттеуге кешенді жақындауды қолдануы мәжбүрлейтін экологиялық
әлеуметтік, экономикалық, тағы басқа мәселелердің зор әлеуетін тудырады.
Заманауи сәулеттік жобалаудың өзекті мәселелерінің бірі – қала құрылысының 
қалыптасуы жағдайында қалалықтар мекенінің толыққанды ортасын құру.
Бақтық – саябақтық өнер мен демалыс ортасын ұйымдастырудың тарихы сегіз мың 
жылдан астамға салды. Бақ стильдерінің осыншама ұзақ уақыт қалыптасуы оларды 
құрушылардың қоғамдағы өзара қатынасы және дәуірлік қайтарылымы болып табылады. 
Қоғамдық – экономикалық формация тек қана адамдардың өзара әлеуметтік қарым – 


267 
қатынасын анықтамайды, сонымен қатар жасаған туындасының әлеуметтік бағдарылымына 
да әсер етеді, оның ішінде бақтар мен қаланың демалыс ортасы да бар. «Орта сапасы» мен 
«өмір сапасы» ұғымы тек қана табиғаттық сапамен емес, сонымен қатар бүтіндей ауқымды 
экология мәселелеріне және жекелей қала құрылысы мәселелеріне тәуелді қоғамдық ортамен 
де байланысты. Тек қана адам өмірінде маңызды «қалпына келмейтін» қоры бар табиғи 
қоршаған ортаның мүмкіндігінің шектеулілігін түсіне, әрі қалалардың кеңістіктік 
ұйымдастырылуының тарихи тәжіребиесін оқып үйрене экологиялық тепе – теңдікке жетуге 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет