Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет250/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Зерттеу мақсаты: 
Бейнеу ауданындағы неке сарайының ұлттық нақыштағы дизайн 
жобасын орындау. Сонымен қатар, аудандардың эволюциялық кеңістігін зерттеу және
сәулеттік 
ортаны
ұйымдастыру.
Зерттеу міндеті: 
- қала құрылысы дизайнының қағидаларын қалыптастыру ерекшеліктерін талдау;
- рекреациялық жағынан бағытталған жобалаудың көркем және шығармашылық тәжірибе 
ретін орнату үшін:
- зерттеу анализдері негізіндегі жобаның стильдік ерекшелігін анықтау; 
-
қала құрылысының ортасын заманауи мүмкіндігін зерттеу.
Зерттеу нысаны: 
қала құрылысы фрагменттерін дамыту үрдісі, әлеуметтік, 
экологиялық және технологиялық аспектілері бойынша адамзат өміріндегі салдарды зерттеу.
Негізгі зерттеу нысаны: 
Ұлттық нақыштағы неке сарайының дизайн – жобасы. 
Зерттеудің әдіснамалық негізі: 
Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге 
асыратын заңнамалық және әдістемелік құжаттама бойынша шығармашылық жобаның
ғылыми-зерттеу және дамуының негізі. 
Қоғамдық ғимараттарды жобалау – бұл өте күрделі және қызықты жұмыс. 
Қоғамдық ғимараттарды жобалау процессінде қолданылатын нормалар тұрғын үйлер 
жобалауында пайдаланатын нормалардан едәуір айырмышылығы болады. 
Неке сарайының дизайн-жобасын – ұзақ уақыт бойы шығынды болып есептелетiн. 
Қоғамдық әкімшілік ғимаратын жобалауда кеңінен комплексті аралау пайдаланбайды. Ол 
кезде орны мен мәні мағынаны қажет етеді және әрбір жеке жағдайда айқындалған. Әрбір 
жағдайға қолайлы орын бере отырып, ғимараттың тұтас белгісін сақтай келе жалпы ойды 
ескеру қажет.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тұғындардың өмір деңгейін, жағдайын жақсарту 
мақсатында қазіргі заманғы жаңа ғимаратты салу қажеттілігі туындап отыр. Соған 
байланысты таңдалған тақырып өзекті болып табылады.
Неке сарайының дизайн-жобасының негізгі практикалық мақсаты – адамдардың өмірі 
мен әрекеті үшін материалды, ғимарат интерьерін қайта ұйымдастыру. Нақты фукнционалды 
және конструктивті форма ретінде іске асырылған ол тұрмыстық және әлеуметтік процесте 
орындауда сәйкес келуі мүмкін және бір уақытта адамдардың эстетикалық қажеттілікті 


265 
қанағаттандырады. Сәулет- құрылыс жобалауында қоғамдық әкімшілік ғимаратын 
функционалды белгілері үйлер мен ғимараттар типтер қалыптастыру тәсәлін айқындайды: 
оның әлеуметтік, конструктивті, экономикалық және сәулет – құрылыс аспекттерін кеңінен 
ашады, ал ол оның классификациясы, үйдің номенклатурасы, нормативті талаптар, бөлме 
параметр құрылысына әсер етеді. Құрушы типология болып ауа – райы, сұрақтар, жарық- 
жылу техникалар, көру, акустика, шығаруды қамтамасыз ету болып саналады. 
Неке сарайының негізгі жоспарлау ойы халыққа тиімді және қолайлы орында ғимарат 
интерьерін қайта жобалау болып табылады.
Неке сарайының құрылымдық және көлемді-жоспарлық шешімдері аймақтарды 
функционалды бөлудің талаптарына сай орындалған. Қабылданған технологиялық шешімдер 
қазіргі заманғы технологияларды, құрылыс машиналарды, жабдықтарды қолдану, жұмыс 
өндірісінің тиімді әдістерін көрсетеді.
Бейнеу ауданындағы неке сарайының ұлттық нақыштағы дизайн жобасын орындау.
Сонымен қатар, аудандардың эволюциялық кеңістігін зерттеу және сәулеттік ортаны
ұйымдастыру жобаның басты мақсаты болған соң изденіс жұмыстары аудан аралық болып 
келеді. Сонымен қатар заманға сай ұлттық нақышты жандандырып қоғамымызды 
ұлтшылдыққа жетелеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет