273
Ит тірлік кешіп жүргендер иттігін жасап,
Иттерге бізді қоспақшы бос үрген, мына.
Қасиетіңнен айналдым, Кешір, Домбыра!
Керуен сазым, тоналды-ау, көшіңнен мұра
Жатырынан жерініп Жеті атасына
Өркөкіректерді қайтейін өшінген мына.
Қасиетіңнен айналдым, Кешір, Домбыра!
Темірден
әбден тесілді-ау төсің, Домбыра.
Қанжығасына байлап ап қадірің білмей,
Есерсоқ есек мінгендер есіңді алды ма?
Ит үрер тағы ... керуен... көшіміз жүрер,
Дұшпаның – жылап, өзгеріп, досыңыз күлер.
Қасиетіңнен айналдым, Кешір, Домбыра!
Екі шегіңнен садаға – екіжүзділер!
Осы аспаптық өнерімізді өркендетуді үлкен мақсат деп алып, дамыту қажет. Тек қазақ
елінде ғана домбыра аспабының бар екенін және оның құдіретті үні бүкіл қазақ тарихын,
психологиясын, идеологиясын жеткізетін үлкен қызметі бар екенін ұмытпағанымыз жөн.
Қазақ домбырасы
прозалық жанрда ғана зерттеліп, айтылып келсе, поэзияда оның мәні
ерекше. Оған біздің ақындардың туындыларындағы аспаптың көркем тілмен суреттелуін
талдай отыра көзіміз жетті. Міне, поэзиядағы оның суреттелуі – бойындағы тамаша
сапаларды айшықты көрсетеді.
Домбыра - төл мәдениетімізді шыңдайтын аспап. Мұқағали Мақатаевтың:
Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,
Өнердің не екенін де білмес едім, -
деген жолдарында ақын өнердің көзі домбыра екенін
айтады. Яғни барлық өнер түрі домбырадан бастау алады, сондықтан да қазақтың ерекше
мәдениетінің қасиетін түсініп, оның өркен жаюына осы ақындардың поэзия әлемін терең
зерттеп, халыққа
неғұрлым жиі таныстырып, жеткізіп отыруымыз керек және оны өз
шығармашылығымызбен жалғастыру мақсатында төмендегі колледж студенттерінің өлең
жолдарымен толықтырамын. ҚТ -220 топ студенті Айболат Кушкенбайдың
«Дамбыра
емес Домбыра» атты өлеңі.
Көңілімді күмбір-күмбір сайратып,
Бар мұңымды қос ішекке байлатып.
Ән жырмды әз кеудеме сыйдырып,
Домбырамды отырамын орнатып.
Саз әуенмен
басталады жорық тың,
Саусағыммен сан пернені шолыппын.
Тиегінен төгілгенде наз әсем,
Кемпір қосақ сезімдерге жолықтым.
Шанағына шаң шалдырмай күмбе-күн,
Оңашада ала-сала шертемін.
Орындалар менің барша арманым,
Басталады қиял ғажап ертегім.
Бір терлеймін, бірде тіпіті тербелем,
Аңсарымды қаңдырамын шөлдеген.
Жан
тәнімді желдей жеңіл сезініп,
Өз өзімнен өрленем.
Шабытымның қайнағанда қарқыны,
Жылатпа алам домбыра күй арқылы.
Шәмші сазы, шәмші әуені жаңғыртып,
Өзім болам авторы.
Толқып жаным безілдейді тыншымай
Елесіммен айтысамын жындыдай
274
Шаттанамын күлем
кейде шарқ ұрып
Құлазыймын кейде тіпті құлдырай
Көңілмнің тапқандай боп көктемін
Жеңілдейді бойда салмақ жүктерім
Бар сырымды сұрамай-ақ білетін
Домбыраны дос дедім
Тақса тақсын тағатындар неше мін,
Домбыра ол бүгінің мен кешегің.
Дәлелдеймін әлі-ақ мына әлемге,
Домбыраның дамбыра емес екенін.-деп толғанса,
Достарыңызбен бөлісу: