Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасындағы домбыра бейнесі



Pdf көрінісі
бет257/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасындағы домбыра бейнесі 
Ал енді қазақ ақындарының домбыраға көзқарасы қандай болды? дегенге келсек, Ілияс 
Жансүгіров «Күйші» поэмасында домбыра бейнесін былайша сомдайды. «Күйші» 
поэмасының қозғайтын негізгі мәселесі ─ қазақ күйлерінің, күй өнерінің ғажап сыр–сипатын, 
қоғам, адам өміріндегі ерекше рөлін көрсету. Кене ханды іздеп келіп, соның алдында 
күйшінің құйқылжыта тартқан ғажайып күй өнерін ақын тіл өнерінің төгілген әсем 
өрнектерімен тартымды бейнелейді.
Күңіреніп «Асанқайғы» күй толғанды,
Желмая желе жортып жерді шалды, 
Алатау, Алтай, Арқа, Қырды, Сырды, 
Аралап, қоныс таппай күй зарланды

.Ақын күйші тартқан күйлерді поэзия тілімен шебер суреттей білген.
Алатау күй тындады ауылдай боп, 
Тас балқып, толқып жатты бауырдай боп. 
Аңқылдап алтын жүрек домбырадан 
Құйып тұр жазғы жылы жауындай боп
Құлпыртып бәйшешекті кетті шалқып, 
Аққудай көкте күйлеп, көлде қалқып. 
Ақтарып, лекілдетіп, лепілдетіп, 
 
Талдырып, тамшылатып, сығып сарқып. 
Үшінші жолында ақынның «алтын жүрек» домбыра деп алғаны аспаптың асылдығын 
күйшінің мәңгілік соғып тұрған жүрегі іспетті тамаша жеткізеді. Күйді адамша аңқылдатып, 
домбыраны алтын жүрекке балап эпитетті метафораны қолданған. Күйдің жазғы жылы 
жауындай боп құйып тұруы – оның естуге жағымды сыңғырлаған жылы үндей шертілуі. 
Міне, осы тұстан біз домбыраның бейнесін анық байқаймыз. 
Әрбір жолында ақын оқырманға эстетикалық әсер береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет