Жел жылдамдығы. Жел жылдамдығы – желқондырғысының энергия өндіруіне әсер ететін маңызды
өлшемі болып табылады. Желдің үлкен жылдамдығы ауа массасының ағынының көлемін
үлкейтеді. Жел энергиясы жел жылдамдығының кубына тура пропорционал өзгереді.
Ендеше, ротордың кенетикалық энергиясы жел жылдамдығын екі есе үлкейткенде 8 есе
артады. Мына төмендегі кестеде жел жылдамдығының жел энергиясына тәуелділігі
көрсетілген. (құрғақ ауаның тығыздығы – 1.225 кг/м³, атмосфералық қысымның шамасы 760
мм.сын. бағанасы кезіндегі қалыпты жағдай). Жер пішінінің кедір-бұдырлығы. Жердің кедір
– бұдыр құрылымы мен ондағы өсімдіктер жел жылдамдығының төмендеуіне ықпалын
тигізеді. 1 км. жоғары қабатта кедір – бұдыр желдің жылдамдығына әсерін де тигізбейді. Жел
жылдамдығының кемуі, атмосфераның төменгі қабаттарында жел ағынының жер бетінің
кедір – бұдырының үйкелеуінен туындайды. Жел жылдамдығы орман –тоғайлы аудандарда,
үлкен қалалы жерлерде кемісе, ал сулы аудандарда, аэропорт территориясында жел
жылдамдығы баяуламайды. Үй, ғимараттар, орман – тоғайлар және басқа объектілер жер
жылдамдығын баяулатып қана қоймайды, сонымен қатар турбулентті ағыстар туғызады.