26
шырай формалары ерекше жасалады және осы сын есімдерді барлық формасында есте сақтау
керек.
Кейбір мұғалімдер бастауышта өтілген сын есімнің грамматикалық категорияларының
бағдарламалық көлемін қамтыған мәтіндерді талдатып айтқызып, соны жаңа тақырыппен
байланыстырады.
Ол үшін бастауыш мектепте өтілетін сын есім түрленуінің бағдарламалық көлемін жақсы
біліп, оны қандай жолдармен байланыстырудың тәсілдерін белгілеп қояды. Ондай тәсілдер
әр түрлі болады.
Екіншіден, мұғалім 8 сынып көлемінде оқылатын сын есімнің грамматикалық
категорияларының ерекшеліктерін оқушыларға жүйелі және дәл түсіндіру үшін, тіліміздегі
сөздердің құрамына, лексикалық мағынасына қарай алуан түрлі өзгеретіндігін байқатады.
Оқыту тек білім беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жан-жақты жетілдіру және
тәрбиелеу, шеберлік және дағдымен қаруландыра түсу болып саналады. Сондықтан да сын
есімнің грамматикалық категорияларын меңгерту үшін іріктеліп алынатын материалдар
оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс. Ал сабақ жүргізу
процесінде қолданылатын методикалық әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар түсіну үшін
жағдай жасап қана қоймай, соған сәйкес балалардың жан-жақты дамуына әсер ететіндей
болғаны жөн.
Сын есімнің басқа сөз таптарынан ерекшеленетін бір белгісі – шырайларының
болуымен ерекшеленеді. Сын есімнің грамматикалық категорияларын шығармашылық
тұрғыда жүйелі оқыту және оны оқушыларға сапалы білгізіп, тиянақты меңгерту оған керекті
әдістемелік әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданып отыруға бойланысты.
Сын есімдер ағылшын тіліндегі әр алуан ұғымдардың атауы ретінде қызмет етеді.
Олардың әркелкілігі жасалу жолдарына, мағыналық сипатына,
формалық ерекшеліктеріне қарай сипатталады.
Қазіргі кезде ана тіліне сүйене отырып оқыту ұстанымы ана тілі мен үйренетін тілдің
ерекшеліктерін салыстыра оқу кең қолдау табуда. Олай болса, кез келген шетел тілін
үйретуде ана тілінің алатын орны ерекше. Бұл ұстанымды жүзеге асыру үшін ана тілі мен
шет тілін әр түрлі деңгейде салыстыру және үйренетін тілдік материалды оқушылардың
саналы түсінуі қажет. Осыған орай орта буында ағылшын тілі сабағында сын есімнің
шырайларын өткенде, оны қазақ тіліндегі сын есімнің шырайларымен салыстыра өткізу өте
тиімді.
Ана тілі шәкірттерге үйреніп жүрген тілі ұқсастықтарымен қатар айырмашылықтарын
да анықтауға көмектеседі.
Оның үстіне бұл тілдердің жалпы теориялық негіздері бір-біріне ұқсас.
Мәселен, шетел тілдерінің қай-қайсысында да фонетика, лексика, грамматика өтіледі.
Шетел тілін жетік меңгеру үшін оқушы ең алдымен ана тілін, яғни қазақ тілін жетік меңгеру
керек. Ол, ең алдымен , ана тілі шетел тілін үйрету тілі болып қана қоймай , салыстыру тілі
де болып есептелетінін басшылыққа алған жөн.
Өйткені, салыстыра оқыту шетел тілін саналы түрде үйренуге мүмкіндік береді. Ал
саналы түрде оқыту – дидактиканың басты ұстанымдарының бірі.
Шет тілін меңгеру өте күрделі үрдіс. Өзге тілді меңгеру үшін адам ең бірінші ана тілінің
тілдік құбылыстарын жетік меңгеру керек. Ана тілі- басқа тілді үйренудің негізгі қайнар көзі.
Қазіргі кезде ана тіліне сүйене отырып оқыту ұстанымы ана тілі мен үйренетін тілдің
ерекшеліктерін салыстыра оқу кең қолдау табуда. Олай болса , кез келген шетел тілін
үйретуде ана тілінің алатын орны ерекше. Бұл ұстанымды жүзеге асыру үшін ана тілі мен
шет тілін әр түрлі деңгейде салыстыру және үйренетін тілдік материалды оқушылардың
саналы түсінуі қажет. Осыған орай орта буында ағылшын тілі сабағында сын есімнің
шырайларын өткенде, оны қазақ тіліндегі сын есімнің шырайларымен салыстыра өткізу өте
тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: