Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Бағдарламада бірінші сынып



Pdf көрінісі
бет276/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Бағдарламада бірінші сынып 
оқушылары қазақтың халық аспаптарының шығуына 
арналған аңыз-күйлермен танысады, сол бойынша сурет салады, домбыра қағыстарын 
үйренеді.

Екінші сыныпта
домбыраның ұлы күйшілердің жан серігі екенін түсініп, Құрманғазы, 
Қорқыт, Қазанғап, Дина сияқты күйшілердің өмірбаянымен, күйлерімен танысып, аспапта 
ойнауды жалғастырады.

Үшінші сынып
сабақтары «Ән – көңілдің ажары» айдарымен өтеді. Ақан сері, Біржан сал 
әндері және тұрмыс-салт жырларымен танысады.

Төртінші сыныпта
қазақ музыка тілінің элементтері тұтас музыкалы сөз ретінде 
қабылданады және меңгеріледі. Туыстас түркі халықтарының музыкасымен танысу 
барысында меңгерілетін музыкалық материалдар көлемі кеңейеді. Осылайша дәстүрлі қазақ 
музыкасы жайлы білім қорын молайту, оның өмірмен, қоршаған ортамен және табиғатпен 
байланысын аңғару бастауыш мектептің негізігі міндеттерінің бірі болып табылады. Әсіресе 
қазақ музыкасы элементтері негізінде тұтас музыкалық тілді іс жүзінде меңгеруге ерекше 
көңіл бөлінеді. Бастауыш сатыны аяқтаған оқушы бірнеше күй тартып, ән айтатын жағдайға 
жетеді. 

Бесінші сыныпқа
келген оқушы айтыс мақамдарын үйреніп, өзі өлең құрап, 
шығармашылыққа аяқ басады.

Алтыншы сыныпта
жыраулық дәстүрді игеріп, Бұхар, Нұртуған сияқты жыраулар 
термелерінің ізімен терме шығарып үйренеді.

Жетінші сыныпта
оқушылар туысқан түркі халықтарының аспаптарымен және 
классикалық шығармалар үлгілерімен танысады. Бір сөзбен айтқанда, оқушылар әуелі 
ұлттық өнерді бойына сіңіріп, әлемдік өнерді қабылдауға аяқ басады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет