285
1995 жылы М.Х.Балтабаев, Д.А.Берденова, У.Ж.Серікболовалардың
бастауыш мектепке
арналған «Елім-ай»музыка сабағының бағдарламасы жасалынды. Осы бағдарламаның
кіріспесінде белгілі ғалым М.Х.Балтабаев «Білім беретін жүйеге дәстүрді қоса кіргізу керек
және бөлек этнографиялық бөлшек түрінде емес, халық шығармашылығын біртұтас көркем
туынды ретінде беру қажет»,- деп ерекше атап көрсеткен. Бұл бағдарламаның ерекшелігі –
тек музыкалық фольклормен шектелмей, халқымыздың салт-дәстүрге жататын көркем
өнерін
кешенді игеру идеясы көзделеді.
Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп – гимназиясында 1992 жылдан бастап «Мұрагер»
бағдарламасы бекітіліп, пән ретінде оқу кестесіне енгізілді. Сол жылы 2 сынып ашылған
болатын. Ол кезде балалар домбыраны үйден әкелетін. Кейінгі жылдары «Мұрагерге»
қатысатын бала саны, сынып саны атрып, 27 сыныпқа дейін жетті. «Мұрагер» пәніне 2 – 7
сыныптағы оқушылар қатысатын болды. әр сыныпта 20-30 оқушыдан дәріс алды.
Достарыңызбен бөлісу: