287
Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл ортағасырлық
архитектуралық ғимараттардағы көгеріс және геометриялық ою-орнектерден (Айша-бибі,
Ахмет Яссауи кесенесі) айқын көрінеді. Қоңыр ою-өрнектің дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде,
кестеде, ағаш, мүйіз, сүйек, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіре түсті.
Көп қабатты тұрғын үй қазақтың ұлттық ою-өрнегіне сүйене отырып орындалды.
Ұлттық ою-өрнектің сұлбасы, тұрғын үйдің төбесінен қарағандағы көрінісінде көрсетілген.
Тұрғын үй төбесінен қарағанда «қошқармүйіз» бен «құсқанат» оюларының біріккен
нұсқасын еске түсіреді. Көз
алдымызға оюды елестете отырып, сонымен қатар
ғимараттардың өзіне тән тік, ирелімді, доға тәрізді пішіндерді ескере отырып, түрғын үйді
«қошқармүйіз» бен «құсқанат» оюларына ұқсатуға тырыстым. Басқа да көптеген ою-
өрнектерді пайдалана отырып, әр түрлі пішіндегі тұрғын үйлерді, азаматтық ғимараттарды,
қоғамдық ғимараттарды жобалауға болады.
Жобаның нобайын мемлекеттік стандарттың нұсқауына сүйеніп және құрылыс
мөлшері мен ережелеріне (ҚнжЕ), сәулеттік жобалау құжаттарына сәйкестендіріп сәулеттік
сызбасының масштабтарымен сыздым. Жобаланған сызбам берілген тақырыпқа сәйкес және
талаптар мен ережелерге сай сызылған.
Ғимараттың өлшемі: 66000ммх21000мм
Қабат саны: 16
Достарыңызбен бөлісу: