3. Негізгі бөлім.
а)Педагог «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін мәнерлеп оқиды. Ертегінің мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды.
-Ертегі қалай аталады?
-Ертегінің басы қалай басталады?
- Ертегі қалай аяқталады?
- Жыл басы қай жануар болды?
- Түйе неге жыл басы бола алмады? ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Жусан - ащы дәмді, көкшіл бозғылт түсті аласа шөп. Жабағы - ғой мен түйенің көктемде қырқып алған қысқы жүні.
Бақташы - мал бағушы.
Өркеш - түйенің арқасына бір не екі айыр болып тік шаншылған қомы.
б) Сергіту сәтін өткізу.
Саусақтарым бір - бірімен амандасайық,
Саусақтардан гүл ашайық,
Саусақтарды ашып - жұмып,
А - ә, г - ғ, ү - ұ, н - ң, к - қ, о - ө
Дыбыстарын дұрыс айтайық.
в) «Кім зерек?» логикалық ойыны. Шарты: әр жануардың қорегін тауып, қоршап, бояп, қалғанын қақпақтармен жауып қою.
г)«Қайсысы қалай дыбыстайды?» ойыны.
ғ) Тыныштық сәтін өткізу.
-Көзімізді жұмып, қысқы даланы көз алдымызға елестетейік.
Қыс. Далада аяз. Жердің беті аппақ қар, біз әдемі киініп балабақшаға келдік. Достарымызды көріп қуандық. «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісімен таныстық. Ертегіде әртүрлі жануарлардың айтысқанын және тышқанның жыл басы атанғанын білдік. «Қайсысы қалай дыбыстайды?» «Кім зерек?» ойындарын ойнадық. Көзімізді ашайық.
|