Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


УДК 72.012  ОТБАСЫЛЫҚ ДӘМХАНА



Pdf көрінісі
бет283/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

УДК 72.012 
ОТБАСЫЛЫҚ ДӘМХАНА 
«Дизайн» мамандығының 5 курс студенті
Қойшығара С. 
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті 
 
Негізгі сөздер: 
отбасылық дәмхана, хай-тек, дизайн, лофт, минимализм. 
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауында қаланың 
экономикасындағы әрбір нақты бағытты әртараптандыру, әлеуметтік саланы дамыту 
ескерілуі қажет. Сонымен қатар, жергілікті шағын және орта бизнеске қолдау көрсету 
шараларын қаперде ұстаған жөн деп айтып өтті. Соған байланысты талап кәсіпкерліктің 
дамуына әкеліп отыр. Ал, кәсіпкерліктің айналымға тез еніп, жақсы қаражат 
табатындарының бірі – дәмхана.
Қазіргі таңда кәсіпкерліктің бірнеше салалары қарқынды даму жолында. Соның бірі 
халықтың жиі баратын жерлері дәмхана. Дәмханалар – қай кезде де, ерекше және сұраныс 
тудыратыны сөзсіз. Отбасылық дәмхана – бұл адамдардың жанға жайлы жерде, әсем 
әуенмен тамақтануымен қатар демалатын орындарының бірі болып есептеледі. Бұндай 
орындарда адамдар іскерлік кездесуге, отбасылық тамақтану, романтикалық кездесуге 
немесе жай ғана тамақтанып, демалу үшін келуі мүмкін. 
Отбасылық дәмхана іші қаншалықты жанға жағымды және қызмет көрсетуі жоғары 
деңгейде болса, онда сол отбасылық дәмхана келушілері де көп болады. Отбасылық 
дәмханалардың қаншалықты танымал екендігін тек қана халық айқындайды. Халық алдында 
жақсы пікір қалдыру үшін ең алдымен оның интерьерінің дизайны басты роль атқарады. 
Сонымен қатар экстерьері де интерьердің дизайн стилімен үйлесіп, байланыста болуы қажет. 
Отбасылық дәмхананың дизайны оған қойылатын талаптың сапасымен және қызмет ету 
деңгейімен, отбасылық дәмхананың жұмыс тәртібімен, оның эксплуатациялық және 
эстетикалық мінездемесімен анықталады. Жоғарыда айтып кеткенімдей, әрбір отбасылық 
дәмхана өз ерекшелігімен табысты болып келеді. Сонымен қатар отбасылық дәмхана 
интерьерінің дизайнын ерекше етіп көрсететін бір нүктесін анықтап, сол жерді ерекше етіп 
жасап шығару. Мысалыға, отбасылық дәмхананың барын алатын болсақ, оны отбасылық 
дәмхананы жобалау кезінде әдемі, тардымды, ерекше етіп көрсетуге тырысу керек. 
Отбасылық дәмханасы сәулеттік жоба ретінде толығымен дәмхананың стандарттық 
жобасына сәйкес орындалу тиіс. Жалпы барлық дәмханалар секілді – бұл отбасылық 
дәмхананың басты мақсаты табыс табу көзі ретінде айқындалады. 
Отбасылық дәмхананың интерьерінің дизайны – бұл қоғамдық ұйым кеңістігі. Бұл 
кеңістікте көптеген адамдар демалып отырады, олардың өз ойлары және қамқорлықтары бар 
және мінездері де әр түрлі. Отбасылық дәмхананың интерьері және жиhазы келушілерге 
жақсы әсер қалдыруы тиіс. Қазіргі таңда жалпы отбасылық дәмхананың интерьерінің үлгісін 
құрылыс компаниялары мен сәулетшілерге сеніп тапсырылады. Бірақ не дегенмен 
отбасылық дәмхананың интерьерін үлгілеу, сәндеу дизайнарлердің негізгі мақсаты болып 
табылады.
Қазіргі заман отбасылық дәмханалар интерьерінде жасанды табиғат құбылыстарын көп 
қолданылады. Мысалыға, сарқырамалар, жанартаулар, аспан денелері, ай, жұлдыздар, ағып 
жатқан өзен, теңіз астын, т.б. айтуға болады. Міне осылардың арқасында келушілер көптеген 
жағымды әсер алады және демалысты жақсы өткізуге әсерін тигізеді. Заманымызға сай 
жақсы көңіл көтеруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да, дипломдық жұмыстың тақырыбы – 
«Отбасылық дәмхананың дизайн жобасы». Диплом жұмысының мақсаты: отбасылық 
дәмхананың жобасы зерттеліп, заманауи «хай-тек» стилі негізінде отбасылық дәмхананың 
жобасын дайындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет