288
4 бөлмелі пәтердің жалпы ауданы: 97.51 м2;
4 бөлмелі пәтердің жалпы ауданы: 107.5 м2;
4 бөлмелі пәтердің жалпы ауданы: 136.6 м2;
Қабаттың биіктігі: 3.0 м.
Ғимараттың техникалық қабатының биіктігі: 2.7 м.
Отбасы
тұруға қолайлы жағдай жасалып, инсоляция және табиғи жарықтандыру
табалаптарына сай жобаланған. Жобаланған жоспарым ҚР ҚНжЕ-нің ІІІ класының ережелері
мен талаптарына сәйкес.
Жобаға соңғы құрылыс материалдары қолданылған.
Конструкциялық шешімге
қарасақ, пайдаланылған құрылыс материалдары экологиялық таза, дизайны жағынан қазіргі
заманға сай өнімдер мен материалдар өнімін пайдалана отырып, көп қабатты тұрғын үй
жобаланған.
Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің
сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн
энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан
да еш зияны жоқ. Күннің сәулеленуі – Жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Оның
қуаттылығы Күн тұрақтысымен анықталатындығы белгілі. Күн тұрақтысы – күн
сәулесіне
перпендикуляр болатын, бірлік ауданнан бірлік уақыт ішінде өтетін күннің сәуле шығару
ағыны. Бір астрономиялық бірлік қашықтығында (Жер орбитасында) күн
тұрақтысы
шамамен 1370 Вт/м²-қа тең. Жер атмосферасынан өткен кезде Күн сәулеленуі шамамен 370
Вт/м² энергияны жоғалтады. Осыдан Жерге тек 1000 Вт/м²-қа тең энергия ғана келіп түседі.
Бұл келіп түскен энергия әр түрлі табиғи және жасанды процесстерде қолданылады. Күн
сәулесі арқылы тікелей жылытуға немесе фотоэлементтер көмегімен энергияны қайта өңдеу
арқылы электр энергиясын алуға не басқа да пайдалы жұмыстарды атқаруға болады.
Тұрғын үйде регенеративті жеделсаты орналасқан. Бұл жеделсатының ерекшелігі,
қызмет етуге жұмсалатын энергияның 60-70% өзі өндіреді.
Қорытындылай келе,
бұлағымен сусындап, ауасын еркін жұтып,
топырағында
армансыз аунаған киелі мекеннің бір перзенті ретінде елімнің мәртебесі мен өзге
мемлекет алдындағы абыройына бір тамшы болса да үлес қосу – менің арманым. Үлкен
арманы бар адамдар ғана, үлкен жетістіктерге жетеді. Мән беріп оқығандарыңызға алғысым
шексіз!
Достарыңызбен бөлісу: