Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


«Мұрагер» бағдарламасы – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құралы



Pdf көрінісі
бет277/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

«Мұрагер» бағдарламасы – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құралы. 
Болашақта тек музыка пәні емес, басқа да жаратылыстану, гуманитарлық пәндерге де 
арқау болуға лайық осы бағдарламасы жыл өткен сайын өз нәтижесін беруде. Осы 
бағдарламаға лайықталып музыка пәніне арналған оқулықтар да жазылған. 
Бағдарлама жайлы автордың пікірі: Енді ұлттық музыкамызды дәріптеуді, осы салаға 
білікті педргогикалық мамандарды даярлау ісін жолға қойсақ болғаны. 
Өнер – халық 
тарихының шежіресі. Өнерде өмір, тіршілік құбылыстары, адамның күйініш-сүйініші, 
қуанышы мен қайғысы бейнеленеді. Сөз, музыка, қолөнер де адам өмірінің сан ғасырлық 
тарихынан алуан түрлі сыр шертеді. Осы адамның өмірінен алынған өнер түрлері жалпы 
білім беретін Республикалық ән-күй пәніне арналған «Мұрагер» бағдарламасының негізіне 
алынған. «Мұрагер» бағдарламасының негізі 1985 жылы қалана бастады. Оны жасауыма 
сол кездегі ахуал түрткі болды: өзім домбырадан дәріс беретін консерваторияда жылына 
небәрі 7-8 бала ғана бітіретін. Солайша жылдан-жылға біздің ұлттық өнеріміздің аясы 
тарылып бара жатты. Бұған бейжай қарап отыра алмадым да, Алматыдағы №12 мектептен 
сынып алып, сол жерде өзім осы бағдарламаны тәжірибеден өткізе бастадым. Он жылдай 
қазақ мектептерінде тегін сабақ беріп, тәжірибенің нәтижесін күттім. Бұлай еткен себебім
егер біз мектеп қабырғасындағы балаларды ұлттық мәдениетімізге тәрбиелемесек, онда 
ертең біздің жырымызды, айтысымызды тыңдап, өнерімізді қажет ететін ешкім қалмайды 
деп ойладым. Шүкір еңбегім далаға кеткен жоқ.
Шетелдіктер біздің өнерімізге тамсанады, құрметтейді, өздері шақырып концертімізді 
қойдырады, халық нағыз өнер адамын алақанында ұстайды. Ал біз төл өнерімізді өзгеден 
неге төмен санаймыз Қобыланды, Алпамыс жырларымыз кімнен кем. Әрине, өнерде 
әркімнің өз орны бар. Дегенмен мен үшін Құрманғазы Бетховеннен биік тұруы тиіс. Біз 
осыны баланың санасына кішкентайынан құймасақ, өсіп кеткен соң нәтиже болмайды.


285 
1995 жылы М.Х.Балтабаев, Д.А.Берденова, У.Ж.Серікболовалардың бастауыш мектепке 
арналған «Елім-ай»музыка сабағының бағдарламасы жасалынды. Осы бағдарламаның 
кіріспесінде белгілі ғалым М.Х.Балтабаев «Білім беретін жүйеге дәстүрді қоса кіргізу керек 
және бөлек этнографиялық бөлшек түрінде емес, халық шығармашылығын біртұтас көркем 
туынды ретінде беру қажет»,- деп ерекше атап көрсеткен. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – 
тек музыкалық фольклормен шектелмей, халқымыздың салт-дәстүрге жататын көркем өнерін 
кешенді игеру идеясы көзделеді.
Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп – гимназиясында 1992 жылдан бастап «Мұрагер» 
бағдарламасы бекітіліп, пән ретінде оқу кестесіне енгізілді. Сол жылы 2 сынып ашылған 
болатын. Ол кезде балалар домбыраны үйден әкелетін. Кейінгі жылдары «Мұрагерге» 
қатысатын бала саны, сынып саны атрып, 27 сыныпқа дейін жетті. «Мұрагер» пәніне 2 – 7 
сыныптағы оқушылар қатысатын болды. әр сыныпта 20-30 оқушыдан дәріс алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет