Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Бағдарлама төмендегідей педагогикалық міндеттерді көздейді



Pdf көрінісі
бет275/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Бағдарлама төмендегідей педагогикалық міндеттерді көздейді:
 
 
1.
домбыра сүйемелдеуімен ән айтып, күй тартуды үйрету, жыраулық дәстүр, айтыс 
өнерін меңгеріп батыс Европа және Шығыс музыка өнерінің дәстүрлерімен танысу.
2.
қазақтың кейбір қолөнер түрлерін үйретіп, оқушылардың көркемдік ой жүйесін 
қалыптастыру.
3.
балалардың шығармашылық ынтасын, ой өрісін, қиялын дамыту.
4.
дәстүрлі өнеріміз арқылы қайырымдылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеп
мәдениетті, жан – жақты дамыған адам етіп шығару.
«Мұрагер» бағдарламасының арнайы оқыту әдістемелері 
Бағдарламаның басты темірқазығы
– балаларға нотасыз 
домбыра үйрету арқылы олардың жалпы халық өнеріне 
деген ынтасын арттыру. Домбыра үйрету барысында біз 
халықтық музыка педагогикасына арқа сүйедік. Ол 
домбыра қағыстарын көзбен көріп, сөз иірімдерін 
құлақпен ілу сияқты домбыраны нотасыз үйрету 
әдістемесіне негізделген. Сонымен қатар, дәстүрлі ортада 
шәкірт ұстазына еріп жүріп, жекеше түрде дайындалып, 
соңына еріп батасын алған. Ал бала саны жиырмадан 
асатын сыныпта бұл методикамен жұмыс істеу өте қиын. 
Сондықтан «Мұрагер» бағдарламасы балалардың санына 
қарамай кез келген сыныпта қолдана беруге болатын, коллективті түрде нотасыз домбыра 
тартып үйретудің әдістемесін ұсынады. Бұл арада біздің бағдарламамыз қазақтың, дәстүрлі 
педагогикасын және Европаның ең озық әдістемелік «Мұрагер» - халық ұлттық 
педагогикасының негізінде жасалған оқыту жүйесі. Мұрагер қазіргі таңда қазақ балаларына 
музыка пәнін оқытуға арналған, қазақ мектебі қандай болуы керек деген сұраққа жауап 
беретін бағдарлама. Қазақ мектебінде оқитын бала өз ана тілінің қайнар бұлағынан қанып 
ішіп, өз ұлттық өнерінен сусындап, салт-дәстүрін бойына сіңіріп өскенде ғана нағыз азамат 
болып қалыптасатыны хақ. Ұлтты ұлт ретінде сақтап қалатын ең басты құндылықтардың бірі 
– музыка. Музыка – тіл, ұлттық салт дәстүр, әдет - ғұрып, барлығын өз бойына жинаған 
ұлттың жаны. Ұлттық музыка болашақ ұрпақтың болмысын, санасын қалыптастыратын 
құрал. Осы баға жетпес құндылығымызды біз қаншалықты қастерлеп, оның қадірін біліп 


284 
жүрміз. Бүгінде еліміз бойынша 80-ге жуық мектеп музыка сабағын «Мұрагер бағдарламасы 
» арқылы өткізеді. Ауыл, қала мектептерінде ұлттық өнермен сусындап өсіп келе жатқан жас 
буын бүгінде айтарлықтай жетістіктерге жетті деуге болады. 
«Мұрагер» – бірінші сыныптан бастап сегізінші сынып оқушыларына дейін бірден 30 балаға 
домбыра үйрететін арнайы оқыту әдістемелерінен тұратын мектеп бағдарламасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет