Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет315/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Негізгі сөздер
Адамның шығармашылық қабілеті бүкіл тіршілік көзі. Шығармашылықтың нәтижесі 
деп адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жеткен 
жетістіктерін айтамыз. Сонымен, бала бойындағы дарындылықты тану , оның 
шығармашылық қабілетін дамыту біздің қазіргі таңдағы негізгі міндеттеріміздің бірі. 
Өйткені, егемен еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі 
тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз.
 
Қазіргі заман талабы әрбір жеке адамнан еркін ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-
жақты, зерек болуды талап етеді. Өйткені қоғам үшін адамның алатын орны, қазіргісі, 
болашағы үнемі ойландырып, толғандыратын мәселелер қатарына жатады. Бұл қоғамның 
дамып, өркендеуімен тікелей байланысты болып келеді. Мемлекетімізде орта білімді дамыту 
тұжырымдамасы білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты: дүниетанымдық, құзырлық, 
шығармашылық деп атап көрсетеді. Қоғамда “орындаушы” адамнан гөрі “шығармашыл ” 
адамға деген сұраныстың көп екендігін көріп жүрміз. 
Колледжде берілетін білім мазмұны тәрбиелеу мен сезімді дамытудың барлық өрісін 
ескере отырып, оқытудағы негізгі салмақты студенттердің шығармашылық ойлауы мен 
еңбектенуі мақсатына негізделеді. Мамандықтардың ішінде «Сәулет және дизайн» 
мамандықтарындағы барлық пәндер шығармашылыққа негізделген десек артық болмас. 
Ең алдымен шығармашылық сөзінің мағынасына тоқталсақ, “Шығармашылық ” сөзінің 
төркіні “шығару”, “ойлап табу” деген мағынаны білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу 
арқылы ғана жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Шығармашылықты қайталанбайтын, 
тарихи тұрғыдан қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет” деп те 
айтуға болады.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, 
ізденуі. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп 
қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері бойынша белгілі бір шарттар орындалған 
жағдайда кез-келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Кез 
келген баланың қандай да бір нәрсеге бейімі болады. Бейімдік оянып келе жатқан қабілеттің 
алғашқы белгісі. 
Адамның шығармашылық қабілеті бүкіл тіршілік көзі. Шығармашылықтың нәтижесі деп 
адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктерін 
айтамыз.. 
Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау
зерттеліп келеді. Яғни бұл, озық, дамыған қоғамға лайықты жаңа сапа, рухани сана 
қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады. 
Әр адамның бойында белгілі бір табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек қандайда бір 
әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан табиғи 
психологиялық, шығармашылық қабілеттері жағынан ерекшеленеді. 
Оқушылардың шығармашылық қабілетін танып біліп, дамыту үшін мындай жұмыстарды 
жүргізген жөн: 
1)балалардың қабілет деңгейі, құрылымы әр түрлі болатынын ескеру керек, оны анықтауға 
психологиялық тестілер, зерттеу, бақылау, дамыту жұмыстары көмектеседі; 2) әр адамда 


325 
қабілеттің бірнеше түрі болатынын негізге ала отырып, баланың жетекші қабілетін анықтап, 
арнаулы жаттығу жұмыстарын жүргізу 
3) әр баланың қабілетін танып білу үшін әр түрлі тапсырма беріп, не нәрсеге икемді екендігін 
анықтауға болады.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің 
болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарымды өндірістері үшін кадрлар қорын 
жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, студенттеріміздің ғылыми зерттеу 
жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы 
тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – колледжіміздің басты бағыттарының бірі. Бұл 
салада атқарылатын жұмыстар жетерлік. 
Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы 
жағдайлар жасау қажет. 
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби 
біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. 
Елбасымыз биылғы «Нұрлы жол, болашаққа бастар жол» атты Халыққа Жолдауында 
былай деген болатын: Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, 
гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю 
- бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз 
үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша 
қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы!» Яғни елбасымыздың айтпағы қазіргі 
кезде еліміздің дамуы ғылым мен техниканың дамуымен тікелей байланысты болса, ал 
болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі білім алушылар. Сондықтан, 
өскелең ұрпақ жауапкершілігі мол, білімдар болу қажет. Оқушылардың өз-өзіне сенімін 
арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу-материалын терең 
ұғына білуге баулу- мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты. 
Осы талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами 
түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады.Оқушы құлшынысын 
ұдайы дамытып әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастырып біліп, оқытудың озық әдіс-
тәсілдерін қолдана білгенде ғана оқушының шығармашылық қабілеті дами түседі. 
Мұғалім өзінің сабағын шығармашылықпен ұйымдастырып, өтілетін сабақтары 
оқушыларды шығармашылыққа ұмтылуын тудыратындай сұрақтар қамтылып өтілуі тиіс. 
Мұғалім өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес алдын ала жоспарланған сұрақтармен оқушы 
ынтасын, зейінін,ой-қиялын дамытуға септігін тигізетіндей болуы керек. Олай болса өтілетін 
сабақтарда тапсырмалардың жауабын табуда, орындауда қойылған сұрақтарға жауабын 
беруде ой таласын жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру т.б. 
Ұстаз еңбегі, жеміс оқушы білімімен өлшенеді десек , ұстаз еңбегінің күрделігі әрбір 
оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, 
өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде 
жатыр. 
Ол үшін ұстаз бойында мынадай қасиеттер болуы керек: мұғалім өз шәкіртінің басқаға 
ұқсамайтын қасиеттерін аша білуі; мұғалім, ой-өрісі кең, жан-жақты білімдар, өз 
мамандығының шебер болуы керек; мұғалім үздіксіз өз білімін шыңдай түсуі қажет. 
Ал ұстаз шәкіртінен мына төмендегідей қасиеттерді күте білуі керек: оқушы ой-жүйесі 
өзінің біліміне берік болуы тиіс; оқушыда сабаққа деген құлшыныс тұрақты болғаны жөн; 
оқушы білімі, талғамы, барлық пәнге дұрыс көзқараста болған жөн; оқушы білімінің 
тереңдігі пән аралас байланысты болғаны тиімді. 
Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру 
білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа 
баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық 
қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға 
болады.


326 
Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс 
түрлері: мұражайға апару,әр түрлі кездесулер өткізу,әр түрлі тақырыптарда пікірталастар 
өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу, балаларға арналған журнал жаздырып оны 
сабақ кезінде үнемі пайдалану, толық мағлұмат жинау, реферат жазу. Осындай жұмыстарды 
үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін 
ашып, тілін байыптауға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. 
Сонымен, бала бойындағы дарындылықты тану , оның шығармашылық қабілетін дамыту 
біздің қазіргі таңдағы негізгі міндеттеріміздің бірі. Өйткені, егемен еліміздің дүние жүзі 
елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын 
біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз. Халқымыз “Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады ”
Бүгінгі таңда жаңалыққа жаны құмар жас ұрпаққа заман талабына сай тәрбие мен білім 
беру, оны ұлттық құндылықтар арқылы жүзеге асыру көкейкесті мәселелердің бірі болып 
отыр. Әсіресе, бүгінгі жаһандануға бет бұрып, әлемдік бәсекелестікке, оның талаптарына 
жауап беру жағдайында бұл мәселенің өзектілігі айшықталып тұрғандай. 
Бүгінгі күні ХХІ ғасырдың ақпараттанған, жан-жақты мәдениетті, іскер,өмірге 
икемделген, бәсекеге қабілетті дарынды, шығармашыл шәкірт тәрбиелеу барша ұстаздың 
міндеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет