Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет316/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл. 
2.Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”.//”Егемен Қазақстан”. 31 
мамыр. 2000 ж. 
3..Дамыта оқыту технологиялары.Алматы 2000.Б.А.Тұрғынбаева 
4.Ұстаздық шығармашылық.Алматы 2007. Б.А.Тұрғынбаева 
5. .Н.Ә Назарбаев «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» Қазақстан Халқына Жолдауы 2014
УДК: 74 
КӨРКЕМДІК ОЙЛАУ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮРДІСТІҢ МАҢЫЗЫ 
Салмухамбетова Д.Т. 
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі 
 
Аннотация
В научной статье рассматриваются важная роль творческого процесса в 
формировании у студентов образных представлении и творческой мысли. 
Abstract 
At scientific article of improvement of students creative ability and artistic mind are 
considered in the text. 
Тірек сөздер:
өнер, дизайнер, композиция, шығармашылық, көркемдік бейне. 
Дамудың тарихи үрдісінде объективті әлемді танудағы тәжірибелік ұғым – 
шығармашылық іс - әрекеттің маңызды алғышарты екені белгілі. Әлемді түсініп қабылдай 
алу үшін адам тек қана, табиғаттағы заттың ерекшелігін тауып қана қоймай, сонымен қатар 
шынайылықты танып, жаңа ақиқатты құру үшін мүмкіндіктерді, амалдарды, оларды өзгерту 
тәсілдерін қарастыратыны анық. 
Тәжірибелік және теориялық біліммен қатар шығармашылық білімге тартылған 
тәжірибеге сүйеніп, солар арқылы адамның шығармашылық ойы дамып, үнемі жаңарып,
отыратыны сөзсіз. Сондықтан, шығармашылық маңызды мәселелерінің бірі білімді 
көкейкестендіру болып табылады. Мұндағы негізгі маңыздылық адамның шығармашылық 
ойы мен қабілеттілігі мен икемділігі және дағдымен қатар белсенді өмірлік бағыты 
айқындалады. 


327 
Көркемдік білімнің басты міндетінің бірі – абстракт түрінде дараланбайтын 
көркемдік бейненің нақты жемісі болатын көркемдік ойды жандандыру болып табылатыны 
белгілі. 
Өнерде объективті ақиқаттың арнайы қайтарылым формасы ретінде көркемдік бейне 
адамның ойлық, рухани - танымдық және тәжірибелік іс -әрекеттің нәтижесі екені анық. 
Көркемдік ойлау тек қана оқып үйрену үрдісінде, оған жалғас кәсіптік іс-әрекет 
нәтижесінде дамыған шығармашылық іс-әрекеттің арқасында кәсіптік бола алатыны белгілі. 
Көркемдік бейненің күрделілігі мен қозғалысының барлығын ұғынумен қатар, біз оқу 
үрдісінде өзгеше бағдар бола алатын оның қалыптасу аспектісін айқындауымыз қажет.
Көркемдік бейненің барлығының маңызды факторы – жалпылау, яғни өмірлік 
құбылыстың, ұқсас адамдар немесе заттардың өзгешелік қасиеттерінің қосылыстарын 
ұсынатындай жалпылықты, қалыпты келбетті таба білу. 
Көркемдік жалпылықтың шындығы көркемдік бүтіндіктің табиғи бөлігі ретінде 
қабылданатын бейненің шарттылығы арқылы көрсетіледі. Көркемдік бейненің іштей өз 
ерекшелігі - нақты психологиялық мінездеме арқылы қарастыруға мүмкіндік беретін
ерекше сезімдік - эмоциялық тәрізді бейнелі ойлаумен тығыз байланысты. 
Сонымен, көркемдік бейненің қалыптасуының маңызды бөлігі елестету болып 
табылады. Көрнекті психолог С.П.Рубинштейн: «Елестету арқылы жеке бағыттылықтың 
барлық түрі мен деңгейі көрінеді, олар елестетудің әр түрлі деңгейін тудыруы мүмкін» – деп 
тұжырымдайды. [1,с. 15 - 17] 
Эмоциялық елестету әр адамға туғаннан тән, ал, суретшінің елестетуі - тіпті жоғары 
деңгейде болуы шарт. Дизайнердің шығармашылық іс -әрекетіне мүмкіндік туғызу үшін осы 
эмоциялық күйге кіруге үнемі көмектесіп отырған ләзім, бұл тек мейрімділік, ашықтық, 
түсіністікпен әрдайым қолдау ғана мүмкін екені белгілі көркемдік туындыны сезіну, 
қабылдау, бір нәрсе туралы елестету барысында туындайтын ассоциативтік қатардың 
нәтижесі болып табылады [2;3]. Ассоциацияның байлығы өмірлік тәжірибемен, елестету мен 
қиялдаудың түрлі дәрежесінде анықталады. Түстік ассоциация арқылы суретшілер көңіл күй 
мен адам мінезін көрсете алады десек артық болмайды. Дизайнердің эмоциялық жады бай 
болған сайын ол өзінің айналасында болып жатқан оқиғаларға қатты алаңдайды, оның 
тудырған көркем шығармасы әсерлі болып шығады. Әр суретшінің өзіндік кеңістікті 
қабылдау «жазықтығы», өзіндік қабылдануы бар, сондықтан, сабақ барысында бір 
графикалық тапсырманы әркім өзінше сомдайтыны рас. 
«Сызу негіздері» және «Түстану» оқыту әдістемесі сабақтарында арналған
тапсырмалар әр түрлі нұсқада болғаны жөн. Композициялық - ізденіс жұмыстарының 
рөлі өте маңызды екенін айтқымыз келеді. Көркемдік бейнені құруда сызба амалдарымен 
жұмыс барысында, әр білім алушының жаңа жекелік, өзіндік өзгешеліктері пайда бола 
бастайды. 
«Сызу негіздері» пәні бойынша оқыту үрдісінде білім алушылардың шығармашылық 
белсенділігі артып, нәтижесі көрмелік ұйымдастыруларда көрініс тапты [4]. Көрсетілген 
жұмыстар жоғарғы көркемдік ойлауға, сонымен қатар тиімді елестетуге куә бола алады. 
Онсыз болашақ ел тұлғасының қалыптасуы мүмкін емес екені анық. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
Рубинштейн Н.С. Основы общей психологии СПб: Питер Ком.1992 - 362 с. 
2. Юсов Б.П. Взаимосвязь культурогенных факторов в формировании современного 
художественного мышления учителя образовательной области. «Искусство» Избранные 
труды по истории, психологии художественного образования и политхудожественного 
восприятия детей.-М: Компания Спутник – 2004 - 253с. 
3. Стор И.Н. Декоративная живопись Основные проблемы курса М: МТИ им. Косыгина 1988 - 
396 с. 
4. Сагимбаев А.А.,Алгартова Г. Руководство изобразительной деятельностью (на каз. яз.). 
Методическое пособие, Алматы: 2004 – 50 с.


328 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет