71
үшін қолайлы жағдай жасайтын коммуникативті актуалдандырудан (актуалды мүшелену) да
табылады.
«Прагматикалық көзқарас тұрғысынан танымның объектісі санадан тәуелсіз өмір
сүрмейді, практикалық тапсырмаларды орындау барысында танымдық күштермен
қалыптасады. Прагматика – индивидтің субъективті қызығушылығын қанағаттандыратын
практикалық тиімділік». Сөйлеудің прагматикалық аспектісі – көпшілік мақұлдаудан бас
тартулар мен оны бұзудың барлық жұмыстарындаға, әрекеттеріндегі сөйлеу [2, 84].
Актуалдандыру және экспрессия семантикалық және коммуникативті-маңызды
категория ретінде прагматика жазықтығында қиылысады, өйткені бұнда өзінің бар
интенцияларымен сөйлеуші субъект алдыңғы жоспарға шығады. Сондықтан субъективті
типімен және сөйлем құрылысының эмоционалды-экспрессивті компонентінің арасында
тығыз байланыс бар.
Актуалдандырудың семантикалық болмысы «белгілілік/белгісіздік» сәйкестігінің
жасалуында ақпаратты қабылдаушы және тыңдауышы үшін құрылады. Осылайша,
актуалдандыру сөйлеу актісінің мәнмәтініндегі сөйлемдер мағынасын талдау талаптарына
сәйкес келетін сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы алмасудың міндетті болуын болжайды.
«Белгілілік/белігісіздік» семантикалық оппозициясы грамматикалық оппозицияға айналып,
«берілген/жаңа», «тема/рема» ұғымдарымен сәйкес келетін грамматикалық сөйлем мүшелері
– бастауыш тобы, баяндауыш тобымен беріледі. Бұл ұғымдарды анықтауда синтаксикалық
фактор жетекші болып табылады. Бұндағы «реманы» сөйлем соңына шығару тенденциясы
ағылшын тілінің айнымас өлшемі болып табылады.
Қандай да мәтін болмасын, оның құрамы бірнеше ақпараттан тұрады, және осы
ақпаратты Рецептор қабылдап, түсінуі қажет. Ақпаратты қабылдай отырып, Рецептор мәтінге
белгілі қарым-қатынас орнатады, бұл прагматикалық қатынастар деп аталады. Мұндай
қатынастар әр түрлі мінездемеге тән. Олар интеллектуалды құбылысқа тән болуы мүмкін,
мұнда мәтін Рецепторға тек қана мәліметтер беруші ретінде қолданылады және оған
ешқандай қызығушылық тудырмайды. Сонымен қатар, алынған ақпарат Рецепторға терең
әсер қалдыруы мүмкін. Ол оның сезіміне ерік беріп, белгілі эмоциональді іс-әрекет пен бір
нәсеге құлшыныс білдіруі мүмкін. Мәтіннің мұндай әсер беруін, Рецептордың ақпаратқа
қызғушылығын, басқа сөзбен айтқанда ақпарат алушыға прагматикалық әсер беру
прагматикалық аспект немесе мәтіннің прагматикалық потенциалы деп аталады [3, 96].
Мәтіннің прагматикалық потенциалы ― түпнұсқаның мазмұнындағы ақпаратты
қабылдап және оны тілмен жеткізу тәсілінің нәтижесі. Қарым-қатынас мақсатымен оратор
ақпаратты беру үшін тілдік бірліктерді таңдап, олардың арасында қажетті байланысты
орнатады. Соның нәтижесінде мәтін арнайы прагмтикалық потенциалға ие болады.Мәтіннің
прагматикалық потенциалы белглі мазмұнымен ақпараттық көлемі бойынша анықталады
және мәтін құруда тәуелсіз болады.Кейде мәтіннің прагматикасы оратрдың ойымен толық
сәйкес келмей қалады (ойынан жаңылысу немесе ойын дұрыс жеткізе алмауы). Мәтіннің
прагматикасы брілген ақпарат пен оның берілу тәсіліне тәуелді және ол өздігінен белгілі
затты түсінуге, талдауға болатын заттық мағынаны құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: