Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет74/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

 
Key words:
Portrait, dialog, monologue.
 
 
Адамзат жаратылғаннан бастап өзін-өзі тану әлі де тоқтаған емес. Адам болмысының 
психологиялық сезімдерін, табиғи, физикалық, биологиялық мәселелеріне келгенде әрбір 
ғылым өзінше зерттеді. Адам баласының әр түрлі көңіл-күйі, жұмбақ жан әлемі адамтану 
ғылымында ықылым заманнан бері зерделене бастаған. Адам психикасы, оның қатпары мол 
құпиясы, зейін, ес, түйсік секілді психологиялық процестер философия, психология, 
әлеуметтану ғылымдарында жан талдау әдістерін тудырып, адам жанының терең зерттеуіне 
ден қоя бастады. Көркем шығармада адамның психологизмі мен сыртқы жан дүниесі, 
құбылысы кіріге баяндалып терең ашылады. Т.Әбдіктің «Оң қол» әңгімесін айтуға болады. 
Қаламгердің бұл әңгімесін әдеби қауым үш жыл талдады. Адамның мінезі өзіне үрке 
қарады. Жас қыздың өлімі «бір адам ішінде біріне-бірі қараған екі мінез егіз өмір сүреді» 
деген үрейлі қағиданы қалыптастырды. Әңгіме дәрігердің айтуымен беріледі. Жас сұлу 
қыздың жаңа басталған өмірі тек қана үрей мен қорқыныштан тұрады. Жоғарыда аталған 
туындыны талдай отырып, психологиялық талдаудың табиғатын айқындау басты 
мақсатымыз. Көркем әдебиетте психологиялық талдаудың үш түрі орныққан. Олар: 
аналитикалық талдау, динамикалық талдау, синтетикалық талдау. Аталған талдауларға жеке-
жеке тоқталайық. Аналитикалық талдау тәсілінде көбіне ішкі монолог пен қоса диалогтың 
рөлі зор. «Әдебиеттану терминдер сөздігінде» диалог терминіне мынадай анықтама береді: 
«Диалог,сөйлестіру–әдеби шығармада екі кейіпкерлердің, немесе бірнеше адамды сөйлестіру 
тәсілі» [1.16]. Ендеше әңгімедегі мына бір үзіндіні келтірсек: 

Қалайсың? 
Алма басын изеді. Содан кейін үрейленіп, өзінің оң қолына қарады. 
–Қорықпа, - дедім, тағы да бір қалыпты

баяу дауыспен,-бұл сенің өз қолың. 
–Жоқ!-деп баж ете қалды Алма. –Жоқ, жоқ! Менікі емес... Жоқ, жоқ!..-Алма тағы 
да терлеп кетті [2.330]. Автор кейіпкер психологиясын диалог құдіретімен бейнелейді. 
Суреткер осы бір диалогтан кейіпкердің жан айқайын, яғни өзінің оң қолына деген 
қорқыныш сезімін әсерлі суреттейді.
Аналитикалық талдау тәсілінің енді бір түрі – ішкі монолог. Ішкі монолог – іштей 
ойлау, кейіпкердің ішінен айтатын сөзі, өзін-өзі іштей саралаудың тәсілі. Қазіргі көркем 
прозада кейіпкер бейнесін ашудағы тиімді тәсілдерінің бірі. Дәрігердің мына бір ойыннан 
ішкі монологты анық байқауға болады: «...Өмірдегі сәттілік өте сирек нәрсе. Ол жұрттың 
бәріне бірдей жете бермейді. Бірақ ең үлкен жалғыз сәттіліктен кейін, қалған сәтсіздіктің 
бәріне де төзуге болады. Қиыншылықты жеңудің ең бір үлкен құралы-төзім. Төзе білсең, 


76 
барлық азап атаулының жүзі мұқалып, майырылып, өтпей қалады. Мәселен, біреу мойныңа 
10 кг тас байлап қойса, 20 кг тас байланбағанына шүкіршілік қылып, жаңағы күйіңді 
бақытты халге айналдырып жіберуге болар ма еді. Әрине, болады. Сондықтан қазір қандай 
ауыр жағдайдан да әлгі жолмен құтылып кетуге болады. Ол үшін тек тіршілік керек. Тірлік 
керек... Қол деген немене?.. Қол деген түк емес... Рас, дүниенің бәрі адамның қолымен 
жасалады... Бірақ, зұлымдық та адамның қолымен жасалмай ма?.. Зұлымдық жасайтын 
қолды тез кесіп тастамаса, болмайды... Тез... тез кесіп тастау... Тез......» [2.331].
 
Бұл сөздер 
дәрігердың жан қойнауындағы құпия сырлар еді. Дәрігердің жанын жеген осынау ойлар 
өкінішке орай іс жүзінде жүзеге аспады. Жас қыздың өмірін өлімнен арашалап қалуға 
үлгермеді.
Ішкі монологтың авторлық және персонаждық түрлері де (формалары) бар. Ішкі 
монолог кейіпкердің ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысында берілуі мүмкін немесе тура 
кейіпкердің өз атынан айтылуы да ықтимал. Жоғарыда аталған еңбек авторы Г.Пірәлиева 
ішкі монологтың екі түріне үлкен ғылыми тұрғыда талдау жасаған болатын. Оның біріншісі–
шығарманың бейнелеу өрісіне монологқа айналған сана-сезімнің қаншалықты дәрежеде 
қатысы барын айқындауға байланысты көрінеді. Оның өзі үш түрлі жағдайда көрініс табады. 
Бірінші санадан, еркінен мүлдем тыс ішкі монолог (безсознательность), екінші жарым-
жартылай саналы, кейде санадан тыс сәттегі ішкі монолог, ол көбінесе, «сана ағысы» тәсіліне 
ұласып жатады. Ал үшінші өзін бақылай, қадағалай алатын, жүйелі түрде бағыты 
айқындалған, шын мәніндегі ойлау үрдісін білдіретін ішкі монолог. Оның қосалқы бір түрі 
автор өзі тікелей оқиғаға, әрекетке талдау жасайтын монолог [3.45]. Ішкі монологқа тікелей 
қатысты кейіпкер бойынан табылатын түс көру оны жорыту, ішкі дауыс, ішкі диалог, 
ойағысы т.б. көркемдік бейнелеу тәсілдері Төлен Әбдіктің өзгелерден бөліп көрсететін 
жазушылық шеберлігі екені анық. Cуреткердің қай шығармасын алып қарасаңда, түс көру 
тәсілімен үндесіп жатады.
Психология ғылымында түс көруді алғаш зерттеген З.Фрейд болды. Ғалымның 
тұжырымы бойынша:«түс көру дегеніміз–жан дүниесі сыртқы табиғат үстемдігінен, 
қоршаған орта ықпалынан босану» [4.18] деп пайымдайды. Мына бір үзіндіден: 
–Не болды? Неге шошыдың? 
–Түс көрдім, - деді ол дірілдеген үнмен. 
–Қандай түс?.. 
–Қылғындырды...-деді даусы одан сайын дірілдеп. Мен тіксініп қалдым [2.320].
Көркем шығармада әдеби түс көру кейіпкердің іс-әрекетін психологиялық 
тұрғыдан нанымды әрі дәл бейнелеу үшін және әр кезеңнің өзіндік дүние танымына орай 
фантастикалық, мистикалық, лирикалық, комедиялық немесе гротестік эффекті, акцент беру 
үшін қолданылады. 
Әдеби түс көрудің қосалқы көркемдік түрлері - түс жору, сандырақтау, елес, 
елестету, есеңгіреу, шатасу, галлюцинация т.б. өң мен түс, өмір мен өлім аралығындағы жан 
азабын, шекаралық шақты бейнелейді. Әдеби түстің поэтикалық қуаты, көркемдік кеңістігі 
мен мүмкіндігі мол, кейіпкердің ішкі сезім иірімдерін бейнелеуде спецификалық ауқымы 
кең, мағыналық, философиялық атқарар рөлі зор, көркемдік кілттің оқыс жағдайда 
табылуына дөнекер бола біледі. Ашық айта алмайтын мәселелерін автор бейсаналы түрде 
бейнеленетін кейіпкердің түс көруі арқылы тұспалдап жеткізеді. Әдеби түс көрудің өзі 
кейіпкердің психологиясында рационалды және интуитивті бастама ретінде көрін бертін 
жазушының жекелеген шеберлігіне байланысты адамзаттың бүкіл психикасына тереңдеп 
енудің таптырмас кілтін тауып берді.
Көркем әдебиеттегі түс көрудің ең басты көркемдік қызметі–психологиялық 
нақтылықты дәл бейнелеу. Кейіпкердің өзін-өзі тануы, оның оянбай калған кейбір 
адамгершілік қасиеттерінің кайта жаңғыртылуы көбіне көрген түстері арқылы сәтті 
суреттеліп жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет