Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет75/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

 
Қаламгердің «Парасат майданы» туындысы тағы түспен өріледі: 
«...Өткен түнде оны түсімде көрдім. Үстінде менің үстімдегідей сұр халаты бар
аяқ киімі де тура менікіндей теріс қарап тұрып: 


77 
–Мінекей, ақыры кездестік қой,-деді маған. 
–Иә, кездестік,-деймін мен кекесін үнмен. 
Түрін көре алмаймын. Бірақ оны бұрыннан білетін адам болып көрінгім келеді. 
Сондықтан айналып алдына барғаннан гөрі, оның маған бұрылып қарағанын қалап, сабыр 
сақтап үнсіз тұрмын. Неғұрлым көбірек үндемесем, ол шыдай алмай бқрылып қарайтын 
секілді. Бірақ оның бұрылып қарайтын түрі жоқ, қатып қалған тас мүсіндей қыбыр етпейді.» 
Ақыры шыдай алмай: 
– Ендігі жасырынбақтың реті келмес,– деп иығынан тартпақ болып, қолымды 
созсам, қолым қимылдамайды. Біреу тас қылып байлап қойғандай. Бар күшіммен қолымды 
қозғамақ боламын. Қанша талпынсам да, дәрменім жетпейді. Қатты зорланып, ыңыраған 
күйімде оянып кеттім» [5.32]. Бұнда кейіпкердің ішкі өміріне зер салу арқылы көрініс 
тапқан. Өңінде ойлағаң кейде түсіңде орын алып жатады. Осы бір үзіндіден осына аңғаруға 
болады. Күнделігін рұқсатсыз оқып, өзінің өмірден түйгендеріне қарсы шығып хат жазып 
жазысып жүрген бейтаныс құрбы оның күнсіз күлкісінен, түнде ұйқысынан айырды. Хат 
алыса бастаған күннен бастап аяғын аңдып басатын күнделік иесі өзінің жанына хас ойдың 
иесін табу үшін күндіз-күні соны ойлап, құдды ғашығына айналды. Түсінің бейтаныс 
құрбының кіруінің бір себебін солай есептеуге болады. Екінші жағынан, алдағы өмірінен аз 
хабар беретінін хабарлап тұрғандай. Жан мен тәнге қатысты көптеген сауалдарға жауап 
іздеген 
сәтте 
адамның 
миының 
психобиологиялық, 
психологиялық, 
биофизикалық,медициналық тұрғыдан зерттеу,яғни адамның өзіне-өзі үңілудің қаншалықты 
қажет екендігін айқындайды.
Жалпы алғанда, аналитикалық талдау шығарманың композициялық құрылымына, 
сюжеттік желісіне кейіпкер сомдау амал-тәсіліне тигізер бірден- бір әдіс. Сондықтан да 
психологиялық талдау әдебиеттегі өміршеңдігін сақтай бермек. 
Синтетикалық тәсіл қазақ әдебиетінде ертеден қалыптасқан. Бүгінгі таңдағы 
синтетикалық тәсіл жазушы идеясының жүзеге асуына қызмет етіп, жазушылық мақсат-
мүддеге бағындырылады. Бұған дәлел портретті, қимыл-әрекетті алсақ, екеуі де ауыз 
әдебиетіндегі батырлар жырынан бастап, бүкіл әдебиеттегі кейіпкердің түр-тұлғасын, ой-
санасын, мінез-құлқын танытуға қызмет етіп келеді. Синтетикалық талдау тәсілі қоғамдағы 
тартыс, кейіпкерлердің іс-әрекеті, қақтығыстары, сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі 
құбылулар екендігін айтуға болады. Әдеби туындының тұтастық жүйесін құрауға үлкен үлес 
қосып, біртіндеп тұрақты эстетикалық қалыпқа айналған белгілердің бірі–портрет. 
Синтетикалық талдаудың негізгі тәсілі–портрет. «Әдебиеттану терминдер сөздігінде» 
портретке мынадай анықтама береді. «Портрет – әдеби кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-
кейпін, бой тұлғасын суреттеу. Кейіпкердің мінез-бітімін, характерін неғұрлым толық ашып 
көрсету үшін оның портретін мүсіндеудің де үлкен мәні бар» [1.165] деп көрсетеді.
Зерттеу еңбектеріне сүйінсек, портреттің бірнеше түрі бар екенін ғалымдар 
анықтаған. Соның бірі – Гомердің «Илиадасынан» табылған деген пікірлер де бар. Оны 
шартты түрде «жорамал портрет» деп те атайды. Ал ғалым А.Белецкий жорамал портретке 
қоса қаһармандардың нақты даралық сипаттарын ескере отырып, пішіндеме мен портрет 
табиғатына сәйкес «архитектуралық», «живопистік» деген біраз салаларға жіктеген. Ғалым 
статикалық портретті – пластикалық деп, динамикалық портретті – өзгермелі деп түйіндеген. 
Сондай-ақ «паспорттық белгілер портреті», «лейтмотивті портрет» тәрізділер назардан тыс 
қалмаған. Көркем шығармадағы портерттің табиғатын орыс әдебиеттінде зерттеу қолған 
алынған. Әдебиеттегі новелла, повесть, романдарда басты орын алатын адамның сыртқы 
көрінісін екінші кезектегі орын беріліп, бет-жүз құбылыстарына қатты көңіл бөлінеді. «Қазақ 
кеңес прозасының алғашқы дәуірлерінде бет-жүз құбылыстары арқылы сирек те болса 
кейіпкердің ішкі жағдайы мен айтқан сөздерін оған ілесе көмкеріп жеткізетін» [6.119] деген 
Лизунова. Бұл сол кездегі прозаның жаңа өрнектермен байыту процестерінін жүріп 
жатқандығынан хабар береді. Т.Әбдіктің «Парасат майданы» шығармасындағы кейіпкер 
портреті өмірдегі жамандық атаулымен күрескен, күрес үстінде шыңдалған гуманист 
бейтаныс құрбының тұлғасы дараланып көрінеді. 


78 
Қаламгер заман және адам деген діңгек мәселені қазық етіп алған шығармаларында 
өзге кейіпкерлер жанр, стиль талаптарына сай эпизодтық сипатта елес береді. Жазушының 
баяндалу қуатын өсіру ниетімен кейбір персонаждар кескініне арнайы тоқатала кетуі де тегін 
емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет