1) Шығыс Еуропа жазығының шөлейтті ландшафт аймағы континентті климат жағдайымен ерекше көзге түседі. Ландшафтысы бор
дәуірінде түзілген бор және мергель жыныстарынан тұратын Орал алды
үстіртінде, төрттік дәуіріндегі саз балшықты теңізтабанды жыныстардан
тұратын
Каспий
маңы
ойпатында
орналасқан.мұнда
теңізтабанды
сазбалшықтан түзілген ойпатты жазықтағы қызыл күрең, ашық түсті сортаңды
қызыл күрең топырақта өскен бозды – бетегелі, бозды – бетегелі – жусанды
шөлейт өсімдіктері тараған.Сондай – ақ аллювийлі, көлтабанды – аллювийлі
саздақтан, саз балшықтан түзілген ойпатты жазықтағы ашық түсті сортаңды
қызыл күрең топыраққа өскен ақ жусанды – бетегелі – бозды шөлейт те
кездеседі.Мұндай зоналы ландшафтылардың құрамында 10 – 20 % - тен 30 - 50
% - ке дейін қара жусанды сортаң және 10 - 20 %- тей шалғындық топыраққа
өскен әр түрлі шөптесінді – бидайықты шалғын болады.Жалпы Шығыс Еуропа
шөлейт ландшафтысы мал жайылымы үшін пайдаланылады, территориясының
20%- тей жерін егістік жер алып жатыр.Егістік жер көбіне қуаңшылықтың
зардабынан өнім бермей қалды.