роль атқарады.Ландшафты түзейтін территориялық табиғат кешендері
төмендегідей.Кристалды жынысты іргетасы жұқа саздақтан – қиыршық тасты
жамылғымен жабылған тұғырлы қыраттардың қызыл күрең және ашық түсті
сортаңды, карбонатты қызыл күрең топырақты жеріндегі жусанды – көделі,
жусанды – бозды шөлейттер. Гранитті, гранитоидты ұсақ шоқылар.Гранитті,
гранитоидты ұсақ саздақтан – қиыршық тасты жамылғымен жабылған ежелгі
тау жұрнақтарының нашар дамыған ашық түсті қызыл күрең топырақты
жеріндегі бұталы – жусанды, көделі, көделі – жусанды – бозды шөлейттер.Ұсақ
шоқылы ежелгі тау жұрнақтарының арасындағы саздақтан түзілген аллювийлі,
пролювийлі жазықтың қызыл күрең және ашық түсті сортаңды, карбонатты
топырақты жеріндегі жусанды – бетегелі, жусанды – бетегелі – бозды, бозды –
бетегелі – бұталы шөлейттер.Сортаңды жерге қара жусанды, изенді өсімдік
жамылғылары дамыған. Өзен жайылмасының шалғынды топырағына қамысты
әр түрлі шөптесінді шалғын орналасқан. Жалпы Сарыарқаның шөлейтті
ландшафтылары мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Ұсақ шоқылы тау
жұрнақтарының арасындағы жазықтың құнарлы жеріне егін егіледі.
32
Достарыңызбен бөлісу: