6) Алтай – Саян таулары.
Аймақ герцин қатпарлығында пайда болған,
гнегізгі гранитті батолиттен, саздақты, кремнийлі тақтатастан және құм тастан
түзілген. Неоген – антропоген жамылғысы жұқа, жер қойнауындағы кендері
жер бетіне жақын жатыр. Кенді Алтай интрузиясында қорғасын, мырыш,
қалайы, мыс, күміс бар. Нарын және Күрішім жоталарында алтын және сирек
металдар, Қалба жотасында қалайы, вольфрам кендері кездеседі.
7) Жоңғар – Сауыр – Тарбағатай таулары.
Бұл аймақтың геологиялық
негізі өте күрделі құрылымнан тұрады. Төменгі палеозойлық кристалды
тақтатастан,
кварциттен,
гнейс,
мәрмәрден,
орта
палозойлық
теңіз
шөгінділерінен, карбон мен пермь дәуірлерінің жанартаулық жыныстарынан
түзілген.
Беткі
жамылғысы
неогендік
құмтас,
сазтас
қабаттарынан,
антропогендік лесс, қойтас, малта тастан түзілген. Қойнауында полиметал, мыс,
сирек металл кендері бар. Аймақ Сауыр – Тарбағатай және Жоңғар өлкелеріне
бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |