3.3 Қазақстан территориясының физикалық – географиялық аймақтарға жіктелуі Геологиялық – геоморфологтялық түзілу жолдары мен неоген –
антропоген
дәуірлеріндегі
даму
тарихы
бойынша
Қазақстан
территориясындағы ландшафтылар сегіз ландшафтылық аймақ құрайды.
41
1) Шығыс Европа жазығы .
Аймақ
ежелгі
Шығыс
Европа
платформасының оңтүстік – шығысында Каспий маңы синеклизасының
құрылымдық негізін құрайтын Каспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт, Орал
алды қыраттарын қамтиды. Жер қыртысының неотектоникалық қозғалыстары
мен теңіз трангрессияларының сипатына қарай облыстарға бөлінеді.
Облыстардың әрқайсысы дала, шөлейт, шөл зоналарына және оларды
құрайтын өлкелерге жіктелед.