міндеті- ландшафт түрлерінің
жаралуын, құрылымы мен динамикасын, даму
заңдылықтарын, орналасуын және адамның шаруашылық әрекеттерінен оның
өзгеруін зерттеу.Сонымен бірге ландшафтану төмендегі сатыдағы геожүйелер
(жеке қоныс, фация, т.б.) және жоғары сатылық геожүйелер (табиғи өлке,
провинция, т.б.) мәселелермен де айналысады. Табиғаттың осындай жеке
жақтарын зерттей келе ландшафтану географиялық қабықтың аймақтық
белдеуінің жалпы заңдылықтарын анықтайды, яғни физикалық-географиялық
аудандау негізін қалайды. Ландшафтану деректері нысанның ландшафтылық
картасын жасаудан басталатын экспедициялық және стационарлық жұмыстар
нәтежиесінде жиналады;
зерттеудің географиялық , картографиялық,тарихи
тағы басқа зерттеу әдістерімен қатар математикалық статистика және логика
әдістері де қолданылады.Ландшафтанудың негізін салушылар- Л.С.Берг,
Г.Н.Высоцкий,Г.Ф.Морозов.
14
Газ,сұйық және қатты заттардан тұратын территориялық табиғат
кешендерінің жеке бөліктерін құрамдас бөлік деп атайды.
Территориялық табиғат кешендерін құрайтын құрамдас бөліктердің
қандай түрі болсын- заттық объект, олар белгілі бір заңдылықтар бойынша бір-
бірімен әрекеттесу арқылы күрделене түседі.Демек, оларды тек даму процесі
арқылы ғана, танып білуге болады.Территориялық табиғат кешендерін
құрайтын құрамдас бөліктерді төмендегіше жіктеуге болады.
Геогенді құрамдас бөлікке: жер қыртысы,ауа, су;
Энергетикалық құрамдас бөліктерге: күн энергиясы, жердің ішкі
энергиясы;
Биогенді құрамдас бөліктерге: өсімдіктер, жануарлар, топырақ жатады.
Табиғаттың құрамдас бөліктері өздеріне тән заңдылық бойынша бар
болымысымен өзгеріп,дамиды. Бірақ олардың қай-қайсысы болса да жеке-дара
өзгеріп, дами алмайды.Барлық құрамдас бөліктер
өзара әрекеттесу арқылы
тұтас бір заттық жүйеге бірігеді.
Территориялық табиғат кешендерін құрайтын құрамдас бөліктер тізбегі
алғашқы пайда болған құрамдас бөліктердің бібі- жер қыртысынан басталады.
Жер қыртысын түзетін қабаттар жаратылысына қарайт геосинклинальды,
теңіздік, жанартаулық және материктік болып келеді. Олар территориялық
табиғат кешендерінің таксономиялық бірлігі- физикалық- географиялық
аймақтың негізін құрайды. Жер қыртысының қандай бөлігі болса да аумағына
қарай түрлі жағдайда ұдайы өзгеріп тұрады да, территориялық табиғат
кешендерінің басқа құрамдас бөлігінің өзгерісімен салыстырғанда, жетекші рөл
атқарады.
Ауа- территориялық табиғат кешендерінің газ қабатын түзетін құрамдас
бөлік.Ауаның физикалық жай-күйі,басқаша айтқанда,
температуралық режимі,
қысым мөлшері, қозғалысының бағыты мен жылдамдығы, бұлттылығы, жауын-
шашын әр кезде түрліше болып келеді, де оны ауа райы деп атайды.Ауа
райының көпжылдық режимін климат дейді.Климаттың территориялық табиғат
кешендерімен қатынасын С.П.Хромов ойдағыдай берген. Климаттық белдеуде-
географиялық белдеу,климаттық зонада- ландшафтылық зона, белдеу бөлімінде
физикалық-географиялық аймақ, климаттық зонаның бөлімінде физикалық-
географиялық облыс қалыптасып, жай ғана климатпен ландшафт, жергілікті
климатпен қоныс,микроклиматпен фация тұспа-тұс келеді.
Су - территориялық табиғат кешенінде минералдық құрамдас бөліктерді
ерітуші рөлін атқарады.Судың еріген, шайылған заттарды тасымалдау,
өсімдіктер мен жануарлардың температуралық режимдерін реттеп отыруда
маңызы зор. Пайда болуына қарай құрлықтағы су жер асты және жер беті суы
деген топтарға жіктеледі.Әрбір нақтылы территориялық
табиғат кешенінің
өзіне тән су қоры болады.
Күн энергиясы- тіршілік көзі.Ол жер бетіне сәуле ретінде түседі де, жылу
энергиясына айналады.Күн энергиясы территориялық табиғат кешендерінің
басқа құрамдас бөліктерін өзгертіп, дамытып отыратын құрамдас бөлік.Оның
жер бетіне таралуында заналы сипат айқын байқалады.Өйткені жердің
радиациялық жылу балансы күн сәулесінің түсу бұрышына байланысты
экватордан полюстерге қарай кеми береді.күн энергиясының бқлай бөлінуіне
байланысты географиялық белдеу, зона және олардың бөліктері бөлшектенеді.
Жердің ішкі энергиясы- территориялық табиғат кешендерінің литогенді
құрылымын қалыптастырушы құрамдас бөлік. Оның әрекеті нәтежиесінде
геологиялық негіз мыңдаған жылдардан кейін жаңа түзілістік сапаға ие
болады.Жердің ішкі энергиясының әрекетіне байланысты құрлықтардан
физикалық-географиялық
аймақтар-
облыстар-аудандар
дәрежесінде
территориялық табиғат кешендері жүйесі қалыптасады.
Өсімдік - геогенді заттардан органикалық заттарды синтездеуші құрамдас
бөлік.Оның пайда болуы
жер тарихында жаңа бет ашып, ежелгі жер қыртысы
мен ауа қабатының өзгерісінде үлкен рөл атқарады.Осы кездегі ауа
құрамындағы бос оттегі тікелей өсімдіктер дүниесінің туындысы болып
саналады.Өсімдіктер жеке дара тіршілік ете алмайды,бір-бірімен және басқа
табиғаттың құрамдас бөліктерімен өзара әрекеттесу арқылы үйлесім тауып, әр
түрлі дәрежедегі фитоценоздар құрайды.
Жануарлар дүниесі – жаратылысы жөнінен өсімдіктерден синтезделген
даяр органикалық заттармен қоректеніп, тіршілік ететін және табиғаттың
қолайсыз құбылыстарынан пәрменді қорғану бейімділігі арқылы ерекшеленеді.
Топырақ жамылғысын ғалымдар биогенді құрамдас бөліктердің соңғы
буыны ретінде қарастырады.Өйткені ол тірі ағзалар пайда болғаннан кейін ғана
солардың қордалары мен әрекеттері арқылы үгіліп,
жиналған жер беті жыныс
үгінділерінен құралған. Жергілікті жер табиғат құрамдас бөліктерінің
динамикалық тепе-теңдігі шарықтау шегіне жетіп, тұрақтанған жағдайда,
топырақ тыңайып, жетіледі.
15
Достарыңызбен бөлісу: