Microsoft Word Ландшафттоведение и приод тех комп Каз Есмурзаева doc



Pdf көрінісі
бет7/38
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#84574
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Байланысты:
Есмұрзаева Ландтшафттану

ХХ ғасырдың 60 – 80 жылдарындағы ландшафттану
 
Ғылымның даму кезеңдері күрт уақыт шекарасымен бөлінбейді және бір 
кезеңнен екіншісіне көшу мезетін оңай анықтау мүмкін емес.Әсіресе «қазіргі» 
кезеңнің басталған уақытын табу да қиын. Соңғы уақытта қандай жетістіктер 
шешуші болғанын болашақ қана көрсетеді.Ландшафтану дамуындағы елеулі 
өзгеріс 60 – шы жылдардың орта тұсында басталғанын растауға болады. 
Ландшафтану алдында жаңа елеулі міндеттерді өмірдің өзі қойды. 60-
шы жылдары бүкіл әлемде адамдар ғылыми – техникалық революцияның арғы 
беті жағы ойлана бастады; өндіріске орасан және қарқынды түрде ұлғайа түскен 
табиғи ресурстарды тарту олардың көпшілігінің жақын он жылда толық 
сарқыру қаупіне әкелді, сонымен бірге ормандарды құрту, су айдындарын, ауа 
және топырақты өндірістік қалдықтармен ластау, одан әрі игеруге және 
демалуға жарамды жерлерді қысқарту адамзаттың тіршілік ортасын күрт 
нашарлатты.Жер ландшафтарын сақтау, қалпына келтіру және жақсарту 
проблемалары өзекті мәселеге айналды.Осы проблемалардың ғылыми 
негіздерін шешуге елеулі үлесті география қосу керек болды. 
Көптеген географтар табиғи ортаны оңтайландыру міндеттерін қоғам 
алдында шешуге өз жауапкершілігін түсінді, сонымен бірге олар бұған әлі 
толық дайын еместігі жайлы өзіне есеп берді, ландшафтануды жоғары деңгейге 
көтеру қажеттігі айқындалды
. 11 
Сондықтан 60 – шы жылдардың орта кезінен бастап ландшафтар 
құрылымын, 
қызыметін 
және 
динамикасын 
зерттеу 
мәселелерінде 
ландшафтанушыларда үлкен өзгеріс байқалуы кездейсоқ емес.Пермь қаласында 


өткен VІІ Бүкілодақтық ландшафтану жөніндегі кеңес (1974) тұтастай 
ландшафтар динамикасына арналды.В.Б.Сочава (1905 – 1978) құрылымдық 
динамикалық деп атаған ландшафтанудың жаңа бағытын дамытуға, 1957 жылы 
құрылған КСРО – ға Сібір бөлімшесінің география институты елеулі үлес 
қосты.Институтта В.Б.Сочаваның басшылығымен алғашқы ландшафт – 
географиялық станционарлар (1958 жылы Шығыс Байкал сырты даласында, 
1964 – 1967 жылдары Сібір тайгасының әр түрлі аудандарында ) 
ұйымдастырылды. 1964 жылы КСРО- ға География институты Курск 
станционарын ұйымдастырды.Кейінірек кейбір университеттердің жанында 
станционарлар құрылды.(Тбилиси университетінің Марткоп станционарлары 
өнімді ғылыми н нәтежиелер берді).
Табиғи – аумақтық кешендерді физикалық – динамикалық зерттеу үшін 
ландшафтар геохимиясы әдістерінің маңызы зор, ол 60 – шы жылдары 
М.А.Глазовская мен А.И:Переьлманың еңбектерінің арқасында белгілі даму 
деңгейіне жетті.Д.Л.Арманд қазіргі заманғы физика әдістерімен талдау 
жасалатын ландшафт компоненттерінің өзара іс – қимылын зерттеуге тиіс, 
физика 
немесе 
геофизика, 
ландшафт 
әзірлеу 
міндетін 
қойды.Ландшафтанушылардың биоталық және абиоталық компоненттер 
арасында заттық – энергетикалық айырбасқа, ландшафтың биологиялық 
өнімділігіне өызығушылығы күшейді.Бұдан экологиялық тұжырымдамалардың 
белгілі жерін және ландшафтанудың биогеоценологияға жақындауын көруге 
болады.
12 
Ландшафтану процесі зерттеу әдістерін арсеналын байытпай мүмкін 
емес.Далалық ландшафт түсіру мен картаграфиялау секілді, сынақтан өткен 
дәстүрлі әдістер ешқашан өз маңыздылығын жоймайды. Өазір ландшафт 
зерттеу әдістерінің кешені елеулі толықты.деректер өңдеуге және эмперистік 
тәуелділіктер алуға математикалық статистика тәсілдері және басқа да кейбір 
математикалық әдістер пайдаланылады.Ландшафттанушы үшін ақпараттың 
жаңа көзі ғарыштық суретке түсіру. 
Біртіндеп ландшафтанушының үйреншік әдісіне геожүйелердің
графиктік және математикалық моделдерін құру кіреді. 
Қазіргі кезеңнің елеулі белгісі – қолданбалы ландшафттық зерттеулер 
аясын күшті кеңейту.Ондаған жылдар бойы ландшафтану әдістерін қолданудың 
дәстүрлі 
саласы 
ауыл 
шаруашылығы 
болды. 
60 
– 
шы 
жылдары 
ландшафтанушылар Москва және Ленинградтың өала маңы белдемдері содан 
соң кейбір басқа да ірі қалалар, сондай – ақ курортты аудандардың аумақтарын 
ұтымды ұйымдастыруды ғылыми негіздеу мақсатында сәулет – жоспарлау 
жұмыстарына қатыса бастады. 
Одан әрі әсіресе ландшафт – рекреациялық зерттеулер танымал бола 
бастады.Басқа қолданбалы бағыттарға ландшафт – мелиоративті зерттеулерді 
жатқызуға 
болады.Мұндай 
зерттеулердегі 
ландшафтанушының 
негізгі 
функциясы ландшафтар мен қоныстарды ауыл шаруашылығы, рекреация, 
құрылыс, жолдарға тағы сол сияқты пайдалану, сондай – ақ олардың 
мелиоративтік 
жағдайын 
және 
мелиоративтік 
шараларға 
қажеттілігі 
тұрғысынан зерттеу. 


Кейбір ұжымдар жұмысында әр түрлі жеке қолданбалы бағыттарды 
жалпы бағыт шеңберінде біріктіру тенденциясы байқалады, оны аумақтық – 
жоспарлау деп атауға болады.Ландшафтанудың басты қолданбалы міндеті және 
түпкі мақсаты табиғи ортаны оңтайландырудың ландшафт географиялық 
негіздерін құру.Кейде бұл мақсат мәдени ландшафтар жобалау ретінде 
тұжырымдалады. 
Шығыс Германияда ландшафтану дәстүрі берік қалыптасқан, мұнда 
зерттеулер сан алуан бағыттарда жүреді: негізгі ұғымдар мен терминдерді 
жасауға, типологиялық деңгейде толық зерттеулерге( ландшафт түсіру арқылы 
), табиғат кешендеріне шаруашылық әсерін зерттеуге көп көңіл бөлінеді, алайда 
негізгі басымдық қолданбалы аспектілерге жасалады – ландшафт потенциялын 
бағалау ( яғни табиғат кешенінің әр алуан қоғам қажеттіліктерін 
қанағаттандыру қабілеттері ) және ландшафты ұтымды пайдалану және 
«жайғастыру» шараларын әзірлеу. 
Поляк 
географтары 
толық 
ландшафт 
зерттеулер, 
ландшафтық 
картографтау және елді аудандастыру саласында елеулі табыстарға жетті. 
60 – шы және орта кезінен бастап Чехославакия географтары 
ландшафтану саласында едәуір белсенділік көрсетті. «Ландшафт экологиясы», 
«ландшафт синтезі» ұғымдары қызу талқыланды. Экологиялық және ландшафт 
– географиялық принциптерде «тіршілік ортасын» қалыптастыру мәселелеріне 
басты назар аударылады.
Батыс Германияда лангдшафтану бағыты ландшафт экологиясы немесе 
геоэкология ретінде белгілі. 
Ж.Бертранның 1968 жылы «ландшафт», «геожүйе» және «ландшафт
бірліктерінің таксономиясы» ұғымдары талқыланған еңбегі, Францияда 
ландшафтық зерттеулердің бастамасы болды. 
Соңғы жылдары көптеген елдерде ( Нидерланды, Дания, Финляндия
Испания, Греция, Үндістан, Жапония, Канада, Бразилияда ) ландшафтануға 
қызығушылық байқалады, бұл жерлерді ұтымды пайдалану және аумақты 
ұйымдастырудың ғылыми негіздерін іздеудің практикалық қажеттілігінен 
туындап отыр. 
60 

жылдардың 
екінші 
жартысында 
ландшафтану 
саласында 
халықаралық ынтымақтастық басталды. 1966 жылы Польшада социалистік 
елдердің физикалық – географиялық аудандастыру жөнінде симпозиумы 
өткізілді, 1967 жылдан бастап Словакия ландшфт биологиясы институты (кейін 
эксперимнтальды биология және экология институты) әр үш жылда 
халықаралық ғылыми симпозиумдар ұйымдастырды, оларда «ландшафт 
биологиясы», «ландшафт экологиясын» теориялық проблемалары талқыланды. 
1974 жылы 5-ші симпозиумда ландшаф экологиясы халақаралық 
ассоциясын құру идеасы пайда болды; 1981 жылы Недерланды да осы 
ассоцаиясынның 1- ші конгресі шақырылды, 1884 жылы данияда IALE 
халықаралық симпозумы өтті. Ассоция бағдарламалары мен шешімдерінен, 
ландшафт экологиясы аумақтық даму жоспарларын негіздеуге көптеген 
ғылыми пәндер мен әзірленген тұжырымдамалар мен әдістерді пайдаланып 


табиғат пен қоғамның өзара әрекетінің сан алуан аспектілерінің қамтитын, 
ауқымды пән аралық сала ретінде түсіндірілетін туындайды. 
1980 жылы Словакия ғылымдарының академиясының институты басқа 
география институты халықаралық географиялық одақ, жанының «ландшафт 
синтезі ландшафтыкешенді басқарудың геоэкологиялық негіздері жұмыс тобын 
құру бастамасын көтерді. Осы жұмыс тобының бірінші сессиясы 1981 жылы 
Братиславада, екіншісі 1985 жылы Дессауда өтті. Топ алдына Халықаралық 
ландшафт экологиясының ассоциясының міндеттері қосылды, сондағы 
проблемалар талқыланды. Алайда зерттеудің негізгі объектісі әр түлі 
ғалымдармен әрқалай түсіндіріледі. «Ортақ тіл» табу үшін көп уақыт қажет. 
Кеңестік геогрфтар жұмыс тобының жұмысына қатыстырылған жоқ.
Мейлінше тығыз координация 1976 жылдан бастап СЕВ мүше елдердің 
геогрфтары арасында «ландшафт онтайлы құрылымдарын экологиялық 
негіздері» тақырыбы ойынша қол жеткізілді . Координациялық кеңестер жүйелі 
жүргізіледі, тақырыптың жекелеген бөлімдері жеке елдердің ұжымдармен өз 
бетінше әзірленеді. Әсіресе неміс және чехослав георафтары өте белсенді. 
Кеңестер Одағынан КСРО ғылымдар академиясы ғана қатысады. Ландшафт 
терминалогиясын үйлестіруге орасаң күш жұмсалды, бұл жұмыстың 
нәтижелерін «ландшафтарды қорғау» түсіндірме сөздігі басылымында 
бейнеленді. 
Сонымен, соңғы жылдары ландшафт туралы ілімдерінің негізгі идеяларға 
халықаралық мойындалды.Әр түрлі елдердің мамандары, адамзаттың табиғат 
ортасын 
оңтайландырумен 
байланысты, 
қазіргі 
заманның 
өзекті 
проблемаларын шешу ландшафт – географиялық теорияға сүйену қажеттігін, 
практикалық тәжірибемен көз жеткізді.
13




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет