Лекция №13 case технологиялардың қолданылуы нәтижесінде программалық қамсыздандырудың өмірлік циклінің өзгеруі


Әдіс қандай да бір мақсатқа жету, яғни жұмыстың белгілі бір  қадамын орындау тәсілін анықтайды.  Нотация



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі231,01 Kb.
#85048
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция №13 case технологияларды олданылуы н тижесінде программ

Әдіс
қандай да бір мақсатқа жету, яғни жұмыстың белгілі бір 
қадамын орындау тәсілін анықтайды. 
Нотация
деп модельдердің қандай да бір класын 
сипаттау үшін қолданылатын таңбалар /белгілер/ жүйесін айтады. Нотацияның графикалық 
және текстілік түрлері болады. Графикалық нотациялар графтар, диаграммалар, кестелер
схемалар түрінде сипатталады, ал текстілік нотациялар модельдерді формальді және кәдімгі 
тілде сипаттайды.
CASE технологияларда нотациялар жобаланатын жүйенің құрылымын, берілгендер 
элементтерін, жасау кезеңдерін сипаттау үшін қолданылады. Құралдар деп әдістерді жүзеге 
асыру үшін қажетті құрал - жабдықтарды: графикалық жобаны жасау және жөндеу 
құралдары, жобаны абстракция, деңгей иерархиясы түрінде ұйымдастыру, сонымен қатар 
түрлі деңгейлер компоненттердің сәйкестігін тексеру құралдары аталады. 
CASE құралдардың мынадай түрлерін бөліп қарауға болады. 
- талаптарды талдау, спецификациялар мен құрылымдарды жобалау, интерфейстерді 
жөндеудің CASE құралдары (CASE1 - бірінші ұрпағы). 
- программалық қамсыздандыруды жасаудың толық өмірлік циклін қарастыратын 
біріктірілген ортасын жүзеге асыру және бастапқы текстерді генерациялаудың CASE 
құралдары ( CASE2 - екінші ұрпағы). 
CASE1 құралдарын негізінен экрандық редакторлар мен берілгендер сөздіктерінің 
спецификацияларын жобалаудың графикалық модельдерін қолданудың құралдары енеді. 
CASE2 айталықтай үлкен қамсыздандыру мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Мұнда жүйелік 
ақпарат пен жобалық процесті басқару бойынша ақпаратты бақылау, талдау және 
байланыстыру , жүйенің модельдері мен прототиптерін жасау, генерацияланған 
программаларды тестілеу, мақұлдау және талдау қамсыздандырылады. 
2. 
Көп еңбекті қажет ететін операцияларды автоматтандыра отырып, қазіргі заманғы CASE 
технологиялар программалаушы мамандардың еңбек өнімділігін айтарлықтай өсіріп
жасалатын программалық қамсыздандырудың сапасын көтерді. Олар: 



жоба 
спецификацияларының 
сәйкестігінің 
автоматты 
түрде 
бақылануын 
қамсыздандырады. 

жүйе прототипін жасау уақытын қысқартады. 

жобалау және жасау процесін жеделдетеді. 

өмірлік циклдің барлық кезеңдері үшін арналған жобалық құжаттаманың қазіргі 
заманғы стандарттарға сәйкес жасалуын автоматтандырады. 

кейбір программалық кодтарды түрлі жасау платформалары үшін генерациялайды. 

жүйе компонентін қайтара қолдану технологиясын қолдайды. 

жобалық құжаттарды бастапқы кодтар бойынша қалпына келтіру мүмкіндігін 
қамсыздандырады. 
CASE технологиясының қолданылуы. 
Программалық қамсыздандырудың өмірлік циклінің барлық кезеңдеріне өзгерістер әкелді. 
Мұнда жасалатын программалық қамсыздандырудың қатаң әрі көрнекі сипатталуын 
орындайтын талдау және жобалау кезеңдеріне көп өзгерістер енгізді. CASE технологияларды 
қолдануға көшу кезінде программалық қамсыздандыруды жасау процесіне енгізілетін 
сапалық өзгерістерді атап өтейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет