Ә. Е. Жұмабаева, Г. И. Уайсова, А. Т. Тұралбаева Қазақ тілі диктанттар жинағЫ 1-бөлім



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата07.02.2022
өлшемі215,29 Kb.
#85301
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
ДИКТАНТТАР ЖИНАҒЫ.2 сыныпpdf

Шығармашылық диктант
Мақал
Жаман аттан ая...м артық,
Жаман жолдастан тая...ым артық.
• Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаздыру.
Жұмбақтар
1. Жепжеңіл қара таба...
Шыр көбелек айналады.
Күй тартады,
Ән салады.

(Күй таба...ы)
2. Бөрене тұмсы...,
Емен ая....
Жандар бар
Некенсая... .
(Піл)


18
3. Қол санды...ым жабы...,
Іші тол...ан мамы... .

(Жасты...)
• Көп нүктенің орнына 
қ, ғ
 әріптерінің тиістісін қойып 
жаздыру.
Дауыссыз 
к
 мен 
г
Сөздік диктант
Тек, тілек, жүрек, бесік, еңбек.
Көру диктанты
Көк ту
Қазақстан көгінде
Көк ту тұр ғой желбіреп.
Қазағымның бүгінде
Көк аспаны мөлдіреп.
 
Нұрлан Мәукенұлы
Терме диктант
Кітап оқыр бір бөбек
Жаңбыр жауар себелеп,
Жонға шығар ебелек.
Гүлге қонар көбелек,
Атқа қонар бөгелек.
Су жыланды құртуға
Көлге қонар дегелек.
Ғылым сырын білсем деп,
Көкте күн боп күлсем деп, 
Кітап оқыр бір бөбек.
 
Өтебай Тұрманжанов
• К-
ге аяқталған
 
сөздерді теріп жаздыру.


19
Шығармашылық диктант
Мақал-мәтелдер
1. Ақылсыздың күші біле...інде,
Ақылдының күші жүре...інде.
2. Өтірі...ші алдымен өзін алдайды.
3. Кө...алсыз – жер көрі...сіз,
Білімсіз – ер көрі...сіз.
4. Сиырды теппейді,
Сүтті тө...пейді.
• Көп нүктенің орнына 
к, г 
әріптерінің тиістісін қойып 
жаздыру.
***
Шыңғыстау
Бәріне ашық есі...і,
Өнер сырын ұққанның.
Шыңғыс – алтын бесі...і
Абай менен Мұхтардың.
 
Несіпбек Айтов
• Көп нүктенің орнына 
к, г
 әріптерінің тиістісін қойып 
жаздыру.
Дауыссыз 
л
 мен 
р
Сөздік диктант 
Растау, риза, рақат, лебіз, рұқсат, рәсуа.


20
***
Ілмек, ылғал, ырық, ірі, ірімшік, ілесу, ылғи, іру.
Көру диктанты
Ана
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам
Ылғи менің қасымда.
 
Т. Бейсенбеков
• Сөз басындағы 
р, ы
 дыбыстарына талдау жасату.
***
Леклек үлек келеді,
Көп үлек түлеп келеді.
• Жаңылтпашты жатқа жаздыру.
Шығармашылық диктант
1. ...айым жақсылық болсын. 2. Оттың ыстық ...ебіне су 
киімдерімізді кептіріп алдық. 3. Көшеде ...ай сулар іркіліп жа
тыр. 4. Бірбіріңді ...енжітпе. 5. Үй толған балаларды ...еттеп 
отырғызды.
• Көп нүктенің орнына 
л, р 
әріптерінің тиістісін қойып 
жаздыру.
***
Жақсылық
Қоян бір күні қатты ауырып қалды. Қасында көмектесер 
ешкімі жоқ. Жанашыр біреу болса ғой деп армандады. «Осы


21
дан жазылсам, барлық хайуандарды достасуға, бірбірімізге 
көмектесуге шақырар едім», – деп толғанды ол. 
• Ертегіні жалғастыру. Соңғы бөлікте «лезде», «расын
-
да» сөздерін қолданып жаздыру.
Дауыссыз 
н
 мен 
ң
Сөздік диктант
Кен, кең, шаңғы, соңғы, әңгіме, қараңғы, дөңгелек.
***
Жауынгер, сенгіш, көнгіш, күнгей, төменгі, бұрынғы.
Көру диктанты
Менің досым Маңғыстауда тұрады біз хат арқылы таныстық 
мен оған өз отбасым, достарым туралы мақтанышпен жазамын 
Назерке Алматыға биыл жазда келмекші досымды асыға күтіп 
жүрмін.
• Сөйлемдерді тиісті тыныс белгісін қойдырып, жатқа 
жаздыру.
***
Қон.
Қоң.
Жайлауға қон,
Жисын мал қоң.
 
Ескен Елубай
• Қон–қоң 
сөздерінің мағынасын түсіндіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет