Ә. Е. Жұмабаева, Г. И. Уайсова, А. Т. Тұралбаева Қазақ тілі диктанттар жинағЫ 1-бөлім



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата07.02.2022
өлшемі215,29 Kb.
#85301
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
ДИКТАНТТАР ЖИНАҒЫ.2 сыныпpdf

Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сөздік диктант
Ататек, шежіре, отбасы, немере, шөбере.
• Сөздерге дыбыстық талдау жасату. 
 Өздік диктант
 Шежіре ағашы
Қазақта әрбір адам өзінің жеті атасын білуі керек. Жеті 
атасын білмеу – өте ұят нәрсе. Жеті атаны үйретуге атаана 
көмекке келеді. Жеті атаға өзі, әкесі, атасы, бабасы және онан 
арғы атабабасы кіреді. 
Дауыссыз 
б
 мен 
п
Сөздік диктант
Кітап, мектеп, доп, клуб, штаб, тәртіп, талап. 
Көру диктанты
Ұқыпты бала
Кітапты түптеп тастады.
Ұқыпсыз бала
Кітапты бүктеп тастады.
Жұмысын басқаға 
Жүктеп тастады.
 
Қастек Баянбай
Терме диктант
Жұмбақ
Күні бойы тіл қатпай,
Қол шалғыны өкшелеп,


16
Шапқан шөпті құрғатпай,
Жинайды бұл дестелеп.
(Тырма)
Дауыссыз 
қ
 мен 
ғ
Сөздік диктант
Достық, атақ, құшақ, қылық, қазақ.
Көру диктанты
Түліктің пайдасы
Түйе – байлық,
Қой – мырзалық,
Ешкі – жеңілдік,
Жылқы – сәндік,
Сиыр – ақтық.
• Қ
 дыбысына аяқталған сөздердің астын сыздыру.
Терме диктант
Қайран жылқы!
Бұл әлі – 
Қасиеттің бұлағы.
Тұяғымен естиді,
Естімесе құлағы!

Қадыр Мырза Әли
• Қ
 дыбысы ғ дыбысына өзгерген сөздерді теріп жаздыру.
Өздік диктант
Екі дос үйүйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның 
біреуі – Ақселеу де, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы на
шар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын.
Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап 
үріп шыға келді.


17
– Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды! – деп, Абыз айғайлап 
жүгіре жөнелді. 
Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы 
ұмтылды. Айбар шекті. Көршілер келіп, Ақселеуді айырып 
алды. Бірақ оның шалбары жырымжырым болды.
Абыз Ақселеудің жанына келіп:
– Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман 
қалатын едің, – деді.
– Мен қашсам, денсаулығың жоқ, алысқа жүгіре алмайтын 
сен тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі 
қашпадым, – деді Ақселеу.
– Ақселеу бала да болса, азамат екен! Оның мұнысы нағыз 
достық! – деді екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған бір ақсақал 
сүйсініп. 
Мәдіхат Төрежанов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет