Машинаның айналмалы бөліктерінің қасына қайшы және басқа құралдарды қоюға


§ 3. Адам денебітімі – киімді модельдеу нысаны ретінде



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата07.02.2022
өлшемі4,16 Mb.
#85310
1   2   3   4   5   6   7   8
§ 3. Адам денебітімі – киімді модельдеу нысаны ретінде
Киім – адамның денесіне киюге арналған, жасанды жамылғы түріндегі 
бұйым. Адам денебітімінсіз киім өз мәнін жоғалтып, өзіне тән қызметін 
атқара алмайды. 
Адамның негізгі дене құрылысы, негізгі құрылымдық түйін (иық және 
мықын) арқылы қол мен аяқ жалғасқан омыртқа бағанасы болып саналады. 
Адам денебітімі тік, симметриялы болып келеді. 
Киімді модельдеу үлгісі ерлер және әйелдердің денебітіміне қарай 
бейімделеді. 
Пропорциялы қалыптасқан адам денебітімі әрқашан өзімен­өзі әдемі, 
оған модельдеу жеңіл, мұндай денебітімде кез келген пішіндегі киім тар­
тымды әрі әдемі көрінеді. Сондықтан дәл осындай денебітімге сән өзінің
ең батыл ұсыныстарын бейімдейді. 
Сымбатты тұлғалы адамдар кез келген пішіндегі сәнді – тік қонымды 
және қынамалы силуэтті, композициясы бойынша динамикалы, жұмсақ 
және қатты, тұрақты, ыңғайлы киімдерді кие алады. Олардың киімдері
пластикасы, фактурасы, түстері және т. б. бойынша қарама­қарсы құрылуы 
мүмкін. 
Пропорциялылығы мен сымбаттылығын жоғалтқан толық денебітімді 
адамдар көптеген шектеулермен санасуы қажет. Костюмде кейбір айқын 
композициялық құралдарды қолдануға болмайды, өйткені олар денебітім­
дегі кемшілікке назар аудартуы, оларды айқындап және толық адам ның 
сырт келбетін көріксіз етіп көрсетуі мүмкін. 
Бірақ бұл толық денебітімді адамдар сәнді және әдемі киіне алмайды де­
ген сөз емес. Сәнгердің мақсаты костюм арқылы кез келген адамның сырт 
келбетін әдемі көрсету. Сонымен бірге, әрине, сәнгер­суретші бір жағынан 
оның денебітімінің жеке ерекшелігін ескере отырып, сән үрдісіне сәйкес 
модельді ұсыну, бір жағынан тапсырыс берушінің дене құрылысының 
ерекшелігін білу үшін тапсырыс берушімен жеке байланыста болуы қажет. 
Бұл костюм формасын жасауды жобалау, адам денебітімін түзету, оның 
түрінің өзгеруін көзбен шолып қабылдау модельдеудің тағы бір бағыты 
(1­сурет). 


67


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет