практикалық жағдайларда математикалық білімдерін қолдану біліктерін,
келіп түскен ақпараттар ағынында бағдарлау білігін дамыту;
алгебра және анализ бастамалары құралдары арқылы тұлға мәдениетін
тәрбиелеу; математиканың даму тарихымен, математикалық идеялардың
эволюциясымен, жалпыадами мәдениеттің жетістіктерімен таныстыру;
әлеуметтік
ұтқырлықты,
өзіндік шешімді
қабылдау мүмкіндігін
қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу;
өзіндік жұмыс дағдысын, қажетті ақпаратты өздігінен және ақпараттық
технологиялар арқылы іздеу мен таңдау біліктігін дамыту; топта жұмыс істеу
және жеке тапсырмаларды орындаудағы өзіндік бағалау дағдыларын дамыту;
оқушыларға берілген тақырып бойынша өздігінен есептер құрастыру және
оларды шығаруға, сабақтарға презентациялар дайындауға мүмкіндік беру;