Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет1/34
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#85336
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Қазақ аруы, !26-ОШ БЖБ Химия 8-сын қаз, 1410319942437


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Жаратылыстану-математикалық бағытта
бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Әдістемелік құрал
Астана
2013


2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы № 3 хаттама).
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік
ерекшеліктері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2013. – 89 б.
Ұсынылып отырған әдістемелік құралда орта мектепте бейінді-бағдарлы
оқытуды
ұйымдастыру бойынша шетелдік және отандық
тәжірибелер
талданып, бейіндік-бағдарлы оқытудың негізгі тұжырымдамалық ережелері
анықталған және жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік пәндердің
білім мазмұнына қойылатын талаптар мен жаратылыстану-математикалық
бағыттағы сыныптарда бейіндік пәндерді оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
берілген.
Бұл әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері
мен оқытушыларына, мұғалімдерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру
институттарының
мамандарына, 
орта 
мектептің
оқу-ісі 
жөніндегі
орынбасарлары мен мұғалімдеріне арналады.
© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2013.


3
Кіріспе
Бүгінгі таңда адамзаттың жоғары индустриалды және ақпаратты қоғамға
қарқынды түрде өтуіне байланысты өркениеттің бет-бейнесі тұтастай өзгеруде.
Елдің өркендеуі білім беру жүйесін, онын мазмұны мен құрылымын жаңартуды
қажет етеді. Яғни, қазіргі қоғамның маңызды проблемаларының бірі - бұл
құбылмалы әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүріп қана қоймай,
болып жатқан құбылысқа белсенді әсер ете отырып, оны жақсартуға бейім
тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Мұндай тұлғаға - шығармашыл, белсенді,
әлеуметтік жауапты, жақсы дамыған интеллект иесі, жоғары білімді, кәсіби
сауатты болуы қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
атты Қазақстан халқына Жолдауында [1], Қазақстан Республикасы «Бiлiм
туралы» Заңында [2], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасында
[3]
және
12 жылдық білім беру бойынша құжаттарда ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтар, ғылым мен техника жетiстiктерi негiзiнде тұлғаның қалыптасуы
және дамуы үшiн жағдайлар туғызу қажеттігі атап көрсетiлген. Сонымен қатар
бұл құжаттарда білім беру саясатының басым бағыттарының бірі ретінде
мектептің жоғары сыныптарына бағдарлы оқытудың енгізілуі және ол
оқушыларды
әлеуметтендіруге, 
оқытуды 
даралауға, 
оқушылардың
бейiмдiлiктерi мен қабiлеттiлiктерiн толығырақ ескеруге, оқуларын әрі қарай
жалғастыруы үшiн жағдайлар туғызуға бағытталған оқыту жүйесі екендігі
көрсетілген. Сондықтан мектептiң
алдында
қазiргi заманғы
өзгермелi
жағдайларда еркiн бағдарлана алуға, бiлiм алуын жалғастыруға мүмкiндiгi бар,
өзiнiң болашақ қызметiнде жетiстiкке жете алатын бәсекеге қабілетті мектеп
түлегiн дайындау мiндетi тұр.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
жаратылыстану-математикалық
және
қоғамдық-гуманитарлық
бағыттар
бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып саралау, интеграциялау және білім
беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
Бағдарлы 
пән 
ретіндегі 
жаратылыстану-математикалық
пәндерінің
мазмұнын анықтауда бұл сыныптардағы оқушылардың оқу-танымдық iс-
әрекеттерiнiң
ерекшелiктерi мен мүдделерi, жаратылыстану пәндерін
оқытудың жалпы және арнайы мақсаттары, пән мазмұнын түзудiң принциптерi
және оларға сәйкес оқу материалын таңдап алудың критерийлері, оқу
материалын таңдап алудың арнайы құраушылары ескерiлуi тиiс екендiгiн
басшылыққа алынады.
Бағдарлы 
пән 
ретіндегі 
жаратылыстану-математикалық
пәндерінің
мазмұнына енетін вариативті оқу ақпараты инвариантты өзекке кіретін білім
мазмұнын таңдап алудың дидактикалық принциптері негізінде іріктеліп
алынады. Бұл бағдардағы сыныптарға арналған білім мазмұнын анықтауда:


4

оқу проблемаларын шешудің
логикалық кезеңдерін анықтауға
зерттеушілік тұрғыдан қарау және оқушылардың шығармашылық ізденісіне
жетістікті қамтамасыз ету;

бағдарлы білім беру мазмұнының оқу элементі ретіндегі білімнің
ауқымды танымдық дидактикалық бірліктермен (іргелі заңдар мен деректер,
түйінді ұғымдар, әмбебеап іс-әрекет түрлері және т.б.) берілуін ескеру;

оқу бағдарламаларын, оқу тақырыптарын түзуге модульдік тұрғыдан
қарауды басшылыққа алу принциптері, сондай-ақ қосымша оқу ақпаратының
оқу бағдарына сәйкес келуі;
жаратылыстану-математикалық
пәндердің
мазмұнын толықтыру және дамыту; оқушылардың бағдарлы пәндерді зерделеу
кезінде алынған білімдері мен біліктерін пайдалану арнайы принциптерінің
көрініс табуы қажет.
Осыған байланысты мектептегі жаратылыстану-математикалық бағыттағы
пәндері бойынша бейіндік-бағдарлы оқытудың негізгі тұжырымдамалық
ережелері анықталып және жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік
пәндердің
білім мазмұнына
қойылатын талаптар мен
жаратылыстану-
математикалық бағыттағы сыныптарда бейіндік пәндерді оқытудың әдістемелік
ерекшеліктері нақтылануы қажет.
Оған педагогикадағы іргелі зертгеулер негіз болады. Жалпы орта білім
мазмұнын негіздеуге бағытталған Л.Я.Зорина, В.В.Краевский, В.СЛеднев,
И.Я.Лернер, И.И.Логвинов жэне т.б. зерттеулерінде білім мазмұнын әрі қарай
жетілдіру мен дамытудың қажеттігі [4, 5, 6]; Ю.К.Бабанский, В.В.Краевский,
И.Я.Лернер, НА.Менчинская және т.б. еңбектерінде оқыту мен тәрбиенің
біртұтастығын жүзеге асыру және оқушының өзбетінше ойлау қабілетін дамыту
[4, 5, 6]; В.СЛеднев, Л.Я.Зорина, И.К.Журавлев және т.б. еңбектерінде үздіксіз
білім мазмұнының теориясын жасау, мазмұнды негіздеу [7]; М.Н.Скаткин,
В.В.Краевский 
және 
т.б. 
еңбектерінде 
педагогикадағы 
жалпы 
білім
тұжырымдамасының дамуы және мектептегі жалпы орта білім мазмұнын
жетілдіру сияқты күрделі мәселелер қарастырылды [4, 8]. Білім мазмұнын
іріктеудің теориялық негіздерін жасау мен пәндік оқу бағдарламаларын
құрудың жолдарын айқкындауда В.В.Давыдов, В.М.Монахов, В.Г.Бейлинсон,
М.Н.Скаткин сияқты ғалымдар еңбектерінің маңызы ерекше. Оған отандық
ғалымдар А.Е.Әбілқасымова, Б.Б.Баймұханов, С.Е.Шәкілікова, Е.Ө.Медеуов,
Р.Башарулы, С.Қ.Қариев, Ж.Б.Шілдебаев және т.б. пән мазмұнын анықтауға,
оқытудың әдістемелік жүйесін құруға және жеке пәндерді оқыту мәселелерін
зерттеуге арналған еңбектерін жатқызуға болады [8, 9]. Ал жаратылыстану-
математикалық бағытта бейіндік-бағдарлы білім берудің әдіснамалық негіздері
Н.Н.Нұрахметов, А.Қ.Құсайынов, Қ.С.Мусин, М.Ж.Жадрина, Ғ.З.Байжасарова,
А.Е.Әбілқасымова,
С.Д.Мұқанова, 
Ш.Ш.Қарбаева, 
Т.Ә.Әлдібаева,
Қ.Ә.Жұмағұлова, У.Қ.Тоқбергенова, У.К.Қазақбаева және т.б. еңбектерінде
көрініс тапқан [10, 11, 12, 13].
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік-бағдарлы білім беруді
оқытудың басты мақсаты 12 жылдық мектептерге оқушылардың кәсіби өзін-өзі
анықтауға арналған құзіреттілігін қалыптастыру және іс жүзінде кәсіби
қызметінің
бағытын саналы түрде жетілдіруге
қажетті ресурстармен


5
қамтамасыз ету саналады.
Осыған орай 12 жылдық мектептің жалпы орта білім беру деңгейіндегі
жаратылыстану-математикалық
бағытта бағдарлы оқытудың әдістемелік
ерекшеліктерін анықтау өзекті мәселе болып табылады.
Қойылып отырған мәселенің шешімдерінің бірі ретінде, яғни 12 жылдық
жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтауға арналған әдістемелік
құралын ұсынылады.
Әдістемелік құралда жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік-
бағдарлы білім берудің әдіснамалық негіздері, оқытуды бейіндендіруді есепке
ала отырып жасалынған жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарда
пәндерді оқытудың әдістемесі берілді.
Әдістемелік құрал екі бөлімнен, әр бөлім ішкі тақырыптардан тұрады.
Бірінші 
бөлімде, 
орта 
мектепте 
бейіндік-бағдарлы 
білім 
беруді
ұйымдастыру жөніндегі шетелдік және отандық тәжірибелер, жаратылыстану-
математикалық
бағытта 
бейіндік-бағдарлы 
білім 
беруді 
дамытудың
тұжырымдамалық
негіздері, 
жаратылыстану-математикалық
бағыттағы
бейіндік пәндердің білім мазмұнына қойылатын талаптар сипатталады.
Екінші бөлімде, «Математика және информатика» және «Жаратылыстану»
білім саласы пәндерін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері, бейіндік-бағдарлы
оқытуды жүзеге асырудағы қолданбалы курстарды өткізу және ұйымдастыру
жолдары ұсынылады.


6


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет