Сенімділікті анықтау Сенімділікті анықтау дәстүрлі түрде статистикалық өлшем ретінде қарастырылды.
Көбіне бұл бағалаудың жақсы нәтижелері қаншалықты бағалау құралдарын қайта
қолданумен қиылысатынын көрсету үшін сенімділік коэффициентін есептеу болып
табылады. Нақтылық коэффициенті нөлден бірлікке дейін өзгереді, сонымен бірге нөл
келісімнің жоқтығын көрсетеді. Тест құрастырушылар сенімділік коэффициентін есептеу
үшін оларды қызықтыратын келісім түрлеріне қатысты бірнеше әдістемені қолданады.
Олардың кейбіреулері төменде қысқаша берілген.
Сенімділік коэффициенті көбіне стандартталған тестілерден 0,9-ден артық, бұл
сенімділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Алайда бағалаудың нәтижелерін жинау үшін
сенімділік қаншалықты жоғары деген сұрақ көп жағдайда қандай шешім қабылдау деңгейі
біздің бағалау нәтижелерімізге негізделетініне байланысты. Біздің бағалауға қатысымыз
бар кезде оның маңызы жоғары, бізге жоғары сенімділік қажет. Ал шешімнің ұзақ
мерзімді салдарлары болмаған жағдайда сенімділіктің жоғары деңгейі маңызды емес.
СЕНІМДІЛІКТІ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ