72
Сындарлы аспектілер – бұл бағалауда қызығушылықты туындататын пайымдау немесе
ойлау түрлері сияқты ерекше психологиялық сипаттамалар немесе белгілер.
«Математика» пәнінде бағалау бойынша аталған белгілер «мәселелені шеше білу» немесе
«математикалық пайымдау» болуы мүмкін. Оқылым дағдысын бағалауда бұл «түсінуді»
білдіреді. Сындарлы аспектілерді валидтілік аргументі ретінде қарастырған кезде, біз
бағалау нәтижесі белгілі бір белгі немесе белгілердің болуы туралы шешім шығару үшін
қолданылуы мүмкін деңгейді меңгереміз. Ереже бойынша бағалау нақты белгілер мен
сипаттамаларға бағытталғандықтан, сындарлы аспектілер шындықты бағалау барысында,
валидтілікті бағалау кезінде ең жоғары басымдықтарды жиі ұсынады.
Бағалау тапсырмаларындағы сындарлы аспектілерді өңдеуді қарастыра отырып, біз
сындарлы аспект дегеніміз не және ол қалай айқындалатынын нақты түсінуіміз керек.
Виггинс (1998, 32-бет) екі сындарлы аспектілерді қарастырады:
• Оқушы түсіну немесе бағалау дағдыларының күтілетін деңгейіне қатысы жоқ
болуы себебінен тапсырмаларды жақсы орындай ма?
• Оқушы түсіну немесе бағалау дағдыларының күтілетін деңгейіне қатысы жоқ
болуы себебінен тапсырмаларды нашар орындай ма?
Достарыңызбен бөлісу: