Мазмұнды аспектілер Біз оқушыларды бағалаған кезде барлық аспектілерді қамти алмаймыз. Сондықтан
тестіленетін модельдің оқуға қатысты қызығушылықты туындатуы және меңгерілген
материалдың дұрыс үлгісі болуы маңызды. Бұл біздің оқу мақсатын өте жақсы
түсінуімізді және біз қолданып жүрген тапсырмалар немесе бағалау элементтері
арасындағы байланысты көрсетуге дайын болу қажеттігімізді білдіреді.
Сұрақтардың мазмұны бағалау тапсырмаларын құрастыру кезінде мұқият
қарастырылуы тиіс. Кейде бұл құрастыруға дейінгі контенттің спецификациясын
(сипаттамасын) жазу үшін уақытты немесе элементті және соларға сәйкес тапсырмаларды
таңдауды талап етуі мүмкін. Стандартталған тест тапсырмалары мен жоғары сатыдағы
бағалауды құрастырған кезде құрастырушылар тәжірибелі мұғалімдерді қоса алғанда, пән
мұғалімдерін жиі қатыстырады. Бұл оқытуда спецификацияның мазмұны мен оқытылған
ақпараттағы бағалау элементтерінің сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді. Аталған
жұмыс әріптестер мен оқушылардың талқылауынан тұруы мүмкін. Бағалау құралдары
бізді қызықтыратын оқудың объективтілігін қамтамасыз еткенде, оқу саласындағы
жетістігіміз туралы негізді шешім шығару мүмкіндігіміз артады.