Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
40
ақпарат шығару үшін Қорытынды (Итоговый) қосқышын шертіп,
Қорытындылар түймесін басу керек. Сосын
есептеу керек қорытынды
мәндерді көрсетіп, ОК түймесін басу керек. Соңғы сұқбат терезесінде сұрату
атын жазып, келесі әрекеттерді таңдау керек:
Кесте режимінде сұрату орындалуының нәтижесін кору немесе
конструктор режимінде оның құрылымының өзгеруін көру, Дайын (Готово)
түймесін басу керек.
Конструктор режимін қолдану.
Сұрату құруға сұрату конструкторы көп мүмкіндік береді. Оның
көмегімен сұрату құру үшін Жаңа сұрату сұқбат
терезесінде конструктор
пүнктін таңдау керек. Экранда таңдауға сұрату терезесі, ал оның үстіне ДҚ-
да сақталған кестелер тізімінен Кестенің қосылуы терезесі пайда болады.
Кестені таңдау үшін, оның атын екі рет шерту керек немесе беренші атын,
сосын Қосу (Добавить) түймесін басу керек. Қажет кестелер мен сұратуларды
сұрыпталған соң, Жабу түймесін басу керек.
Тағы да Кестенің қосылуы
(Добавление таблицы) терезесін ашу үшін, саймандар тақтасындағы Кестені
қосу түймесін шерту немесе Сұрату менюінде Кесте қосу командасын таңдау
керек.
Егер сұратуға бірнеше кестелер қосып,
олар арасында байланыс
орнатылған болса, онда Access автоматты түрде оларды байланысқан өрістер
арасында біріктіру сызығын (линия объединения) көрсетеді. Біріктіру
сызығын, басты кестенің түйінде өрісін онымен байланысатын бағынышты
кестедегі өріске көшіріп өздігінше құруға болода.
Достарыңызбен бөлісу: