72
Ол үшін оқушылардың мазмұндалған материалды игеру деңгейін анықтап
алып, содан кейін әрбір оқу сұрағын қысқаша тексеріп өткен дұрыс.
Шығармашылық тапсырма беру кезінде мұғалім сабақ соңында
интеллект-карта үлгілерін көрсете алады. Мұндай тапсырма қазақстандық
мұғалімдер үшін жеткілікті деңгейде таныс және кәсіби лексикада көбінесе
«кластер» ретінде қолданылады. Оқушылардың назарын оқулықтың тиісті
параграфында интеллект-карталарды құрастыру жөніндегі нұсқаулар мен
графикалық материалдың осы түрінің шартты мысалы берілгеніне аудару
қажет.
Интерактивтi әдістің негiзiн интерактивтi жаттығулар мен тапсырмалар
құрайды. Интерактивтi жаттығулар мен тапсырмалардың әдеттегілерден басты
айырмашылығы олар меңгерілген материалды тек бекiтуге ғана емес, жаңаны
оқып- үйренуге бағытталған.
Тренинг
(ағылш. «to train» - оқыту, жаттықтыру). Егер оқыту интерактивті
жүргізілсе, яғни ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ
қоюға мүмкіндік алса берілген ақпаратты тез меңгереді және алған білімдерін
бекіте отырып, мінез-құлық дағдылары қалыптасады.
Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар:
• оқушылар бір-біріне бетпе-бет отыратындай етіп айналдыра
орындықтар қоюға мүмкіндігі бар кең бөлме (бұл жағдайда еркін пікір
алмасуға, жаттығулар мен серігу кезеңдерін жүргізуге ыңғайлы болады. Бір-
біріне сенімділік артып, қызығушылық танытады, ынталы болады);
• тренингке қатысушылар саны 20-25 адамнан аспауы керек. «бұл сенім
атмосферасын туғызатын және барлық қатысушылардың назарын тұрақты
аударуға мүмкіндік беретін қатысушылар саны);
• бүкіл тренинг бойында достық көзқарастағы сенімді атмосфераны жасау
және қолдау;
• тренингке қатысушыларды марапаттап отыру және барлығының оған
қатысуын қадағалау;
• оқытушы-жаттықтырушы өз пікірін ұсынбай-ақ қатысушыларды
сабақтың мақсатын орындауға жетелеуі тиіс;
• оқытушы-жаттықтырушы әрбір жаттығудың уақыт шеңберін сақтауы
керек;
• тренингтің бірінші сабағында «танысу» жаттығуы өткізіледі және
«келісім» (топтық жұмыс ережесі) қабылданады;
• теориялық жадығат пен интерактивті жаттығулардың, серігудің
арасында сабақтастық болуы керек;
• кез-келген тренинг сабақ басталарда сол сабақтың мақсаты мен
міндеттері айтылады, ал соңында қортындыланады;
• кез-келген тренинг қандай мақсат қойылса да, әрдайым танысу мен
жұмыс ережесін жасаудан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: