Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»



Pdf көрінісі
бет34/139
Дата07.02.2022
өлшемі4,97 Mb.
#86094
түріМетодические рекомендации
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   139
 
Жобалық ұстаным:
 
Оқу жобасы – білім алушының немесе білім алушылар тобының ғылыми-
зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды 
шешу жөніндегі нәтижелерге қол жеткізу үшін бағытталған оқу-танымдық 
әрекеті. Ортақ мақсатымен, келісілген әдістер мен іс-әрекеттердің реттілігімен, 
кеңейтілген шешімдер мен белгілі тәсіл бойынша рәсімделген нәтижелермен 
сипатталынады. Бұл әдіс білім алушының өз алдына жеке проблема қойып, оны 
шешуде өзіндік іс-әрекетін танытуымен сипатталады. Бірақ, жобалау іс-
әрекетінің алгоритімі (жоба – мұғалімнің көмегімен
білім алушының маңызды 


69 
проблеманы шешудегі өзбетіндік іс-әрекет кешені) толығымен сақталады. 
Бөлім мазмұнымен танысу аясында білім алушылардың ұжымдық/топтық 
жобалар бойынша жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Жобалық 
жұмыстарды ұйымдастыру сабақпен шектелмейді, сондықтан да сабақ –
сабақтан тыс интеграцияда қарастырылады. 
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану: 
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі 
білім алушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және 
коммуникацияда сенімді және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз 
етеді. Бұл құзыреттілік ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (әрі 
қарай - АКТ) негізгі дағдылары арқылы қалыптасады. 
 
Білім алушылар өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге 
арналған білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында дамытады. Яғни, 
АКТ-ны пайдалана отырып ақпаратты табу, құру, мәліметтер мен ой 
түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал-жабдықтар мен 
қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалайды және 
жетілдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет