1. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей



Дата07.02.2022
өлшемі14,78 Kb.
#84764
түріБағдарламасы
Байланысты:
Тапсырма 1.3


1.3 – тапсырма
1. Бағалау оқу
бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей 
байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, 
неге және қалай оқытады, білім алушының қажеттілігі қандай және 
бағалау тәжірибесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге 
қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу.
2. Бағалау дәл және
сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, 
құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді 
бағалайтынына сенімділік бар.
Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын 
анықтайды.
3. Бағалау түсінікті, айқын
ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне 
қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
Аталған қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті, 
нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пайдалы және 
қолжетімді болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы 
мен дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс.
4. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің 
ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік 
беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. Бағалау үдерісінің 
тұрақтылығы рәсімдер арасындағы өзара байланысты негіздейтін 
және бірыңғай білім беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау, 
балл қою кестесі механизмін қолдану және жиынтық бағалаудың 
кестесін белгілеу әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет