Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет354/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру

«қасқырға қақпан құр» 
Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ қол ұстасып 
дөңгелене қасқырға қақпан құрады. Екінші топ қасқырлардың 
рөлін атқарып, залда қақпан арқылы төрттағандап еңбектеп 
жүреді. 
«Кәне, кәне, халайық,
Қасқыр қақпан құрайық.
Кәне, қақпан берік бол,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр»! – деп айтылған соң, бірінші 
топтың ойыншылары қолдарын түсірген кезде қақпан жа-
былады. Қақпанда қалып қойған қасқырлар ойыннан шығады 
да, ойын жалғасады. Содан кейін топтар рөл алмасады.
(Ұ) «тапқыр» 
Балалар екі топқа бөлініп, екі сызыққа бір-біріне қарама-қар-
сы отырады. Топтардың арақашықтығы шамамен 2 метр. 
Ойын жүргізуші топтардың бірінің соңғы отырған ойын-
шысының қолына доп лақтырып кез келген сөзді айтады, 
мәселен: «Тере» «-зе!» – деп сөзді жалғастырып допты қарсы 
отырған балаға лақтырады.
Кең, бос кеңістік. 
Диаметрі
20 см доптар.
Доп.


156
(Ұ) «қуаласпақ»
Ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Санамақ арқылы 
қуатын адам таңдалады. «1-2-3 – ұстап ал!» – деп белгі беріл-
генде, балалар жүгіріп, орындықтарға қарғып шығады (биік-
тігі 30 см орындыққа бірнеше қадам аттап барып, бір аяқты 
серпу арқылы қарғу).
Қуғыншыдан қашып бір орындықтан екінші орындыққа се-
кіріп шығады. Қолға түскен бала ойыннан шығады. Аз уақыт 
ішінде көп баланы ұстап алған қуғыншы ең ептісі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет