«Дене шынықтыру » әдістемелік нұсқауы төмендегі құжаттардың негізінде жазылды:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекіген ).
Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық
білім берудің
жаңа методологиялық негізін анықтайды;
2. 1 жастан 6 (7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы (
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген );
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекіген ).
Сонымен қатар әдістемелік нұсқауды жазуда бағдарламада көрсетілген 5 негізгі саланың
бірі – «Денсаулық» білім беру саласының нұсқаулары есепке алынды.
Әдістемелік нұсқаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген
мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау.
Бағдарламада «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметінде (ҰОҚ) оқыту және
тәрбиелеудің келесі мақсаттары мен міндеттері айқындалған: