қауіпсіздік техникасы ережелері
қауіпсіздік техникасын ҰОқ барысында сақтау:
1. ҰОҚ барысында өзінің хал-жайын қадағалап отыру қажет.
2. Педагогтің нұсқауы мен кеңестерін міндетті түрде орындау қажет.
3. Жаттығуларды орындау барысында және сапта арадағы қашықтықты сақтау қажет.
4. Аяқкиім бауын саптан шығып байлау қажет.
5. Досымен ҰОҚ-дан тыс тақырыпта әңгімелесуге, педагогтің сөзін бөлуге, бірін-бірі
итеруге, досының аяғын шалуға болмайды.
Гимнастикалық қабырғада өрмелеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы:
1. Еденге міндетті түрде жұмсақ мат (төсеніштер) төселеді.
2. Қауіпсіздік пен демеу баланың арқасынан оған қолайлы жақтан көрсетіледі. Үнемі
шарбақтарды ұстау техникасына назарды аудару қажет: төрт саусақты жоғары жақтан, бас
бармақты төмен жақтан қысып ұстап, сондай-ақ шарбаққа табанның ортасымен тұрады.
Қауіпсіздік техникасы мен өзін-өзі қорғау деңгейі осыған байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |