ҰОқ-ның бірінші бөлімінің мақсаты
– организмді негізгі бөлімге дайындау. ҰОҚ-ның
бірінші бөлімінде жүру, жүгіру, сап құру, қайта сап құру, жеңіл ойын тапсырмалар ұсынылады.
Педагог жүру мен жүгіруге арналған жаттығулардың алма-кезек орындалуына ерекше
назар аударуы тиіс: тапсырмалар біркелкі болса, балаларды жалықтырып, жаттығу сапасын
төмендетеді, сондай-ақ жағымсыз салдарлар туғызуы мүмкін (дененің қисаюы, табанның
жалпаюы және т.б.).
Екінші бөлім
(негізгі) ҰОқ-дары
ұзағырақ және жалпы дамыту сипатындағы жаттығу-
ларды, қимыл-қозғалыстың негізгі түрлерін, қозғалыс ойындарын қамтиды. Баланың тез өсіп
отырған организміне барлық жаттығу түрлерін орындаған маңызды. Бұл бөлім көбірек дене
жүктемесімен ерекшеленеді.
Жалпы дамыту жаттығулары организмге, жекелеген бұлшық ет топтары мен буындарға
тікелей ықпал етеді, сондай-ақ қимыл-қозғалыс үйлесімділігінің жақсаруына, кеңістікте бағ-
дарлай алуына, жүрек-қантамырларға және организмнің тыныс алу қызметіне оң әсер етеді.
Жалпы дамыту жаттығуларын дұрыс орындау үшін бастапқы қалыптың маңызы зор. Әртүр-
лі бастапқы қалыптар қолданылады: тұру, отыру, тіземен тұру, шалқасынан жату, етпетінен
жату. Бастапқы қалыпты өзгерте отырып, педагог қозғалыс тапсырмасын күрделендіре немесе
жеңілдете алады.
ҰОҚ-ның негізгі бөлімінде оқу материалын дұрыс орналастырудың ерекше маңызы бар.
Көп назар аударуды және орындау дәлдігін қажет ететін жаңа материал мен жаттығуларды
үйрену ҰОҚ-ның негізгі бөлігінің басында және таныс жаттығулар мен ойындардың алдында
жүргізіледі. ҰОҚ-ның негізгі бөлігінің жаттығулары, организмге айтарлықтай физикалық
жүктеме келтіретін жаттығулар әдетте жүктемесі аз жаттығулардан кейін орындалады.
Осылайша жүктемені біртіндеп арттыруға қол жеткізіледі. Алысқа көздеп лақтыру жаттығулары
да жүгіру және секіруге байланысты белсенді ойындарға дейін өткізіледі. Сондай-ақ әр
3-бөлімде рефлексия жүргізіліп, ҰОҚ қорытындыланады.
Көбірек қимыл-қозғалыстан тұратын және бір мезетте барлық балалар бірігіп ойнайтын
ойындар (жүгіру, секіру, лақтыру, еңбектеу және т.б.) ҰОҚ-ның негізгі бөлігінде өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |